Ақтау қаласында өткен 6 айда 37 өрт оқиғасы орын алды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 18:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласында өткен 6 айда 37 өрт оқиғасы орын алды

4 Июля 2016 (21:01) | 3112 | Автор: Нурганым Имашева

 

         Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлының мәлімдеуінше, «2016 жылдың 6 айында қала аумағында көлемінде 37 өрт оқиғасы, 40 өртке жатпайтын жану оқиғасы мен 1 авариялық құтқару жұмыстары тіркелді. Өрттен келген шығын 930 000 тенгені құрады. Яғни тіркелген өрт оқиғаларының арасындағы 37 өрттің  16-ы автокөліктердің үлесіне тиіп отыр».

 

          - Өрттердің шығу себептеріне келетін болсақ, автокөлік иелерінің өз дүниелеріне немқұрайлықпен қарап, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр.

 

        Құрметті автокөлік жүргізушілері осыған орай Сіздерге Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктерде өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі шараларды орындауға ұсынады:

 

    -электр тоқ жүйелері және қондырғылар зауыттан шығарылған болуы тиіс;

    -двигатель мен поддон жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне

      жол  бермеу керек;

   -автокөліктер  (жеңіл автокөлік ОП-2, «Газель», «Раф» автокөліктері ОП-3,

   -автобустар ОП-5 және алысқа  жол жүретін  автобустар ОП-5-2 дана ) өрт  сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі тиіс;

   -автокөліктердің қосалқы есіктері еркін ашылуы тиіс;

    -аккумулятордан электр тоғын ажырататын қондырғы  (тумблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек.

  -  жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушісі өрт-техникалық     минимумнан өтуі тиіс:

 

Автокөліктерде мыналарға тыйым салынады:

 

-          Қозғалтқышты ашық отпен қыздыруға;

-          Қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға ;

-          Жанармай құю станциясында  жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;

-          Автокөлік ішінде темекі шегуге;

-          Автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;

-          Аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауа;

-          Жанармай сақтау ыдысының ауызын ашық қалдыруға;

-          -Қозғалтқышты бензин немесе дизель майымен жууға;

-          Газ баллондарын тасмалдауға; (арнайы автокөліктен басқа)

-          Ашық тұрған немесе оқшауланбаған электр сымдары бар жалғағыштарды пайдалануға;

-          Аккумуляторды және жанар май багын белгіленген орыннан басқа орынға орналастыруға;

           - Маңдай термен жинаған дүниенің табан астында күлге айналуы қиын емес. Ал бәрінен де оның адам өміріне қауіпті  екенін жадыңызда ұстаңыз.

 

             Құрметті автокөлік жүргізушілері! Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық. Өрт - тілсіз жау екенін  ұмытпаңыз. Өрт болған жағдайда «101» телефонына  хабарлаңыз,- дейді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему