Балғындарға қуаныш сыйлаған кеш
Курс валют в Актау
на 24/06/2021
 
425
428.52
 
506.67
511.34
 
5.77
5.94
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
24 Июня, 19:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындарға қуаныш сыйлаған кеш

6 Июня 2016 (17:41) | 2024 | Автор: Нурганым Имашева

 

«1 Маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні» сағындырып жеткен жазғы демалыс күндерінің басталуымен қатар аталып өтетін балалар мерекесі қуанышты еселей түсуде.

 

«Маусым айының бірінде Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік кеш өтті»,- деген ақжолтай жаңалығын біздің басылымға Ақтау қаласы «№ 12 орта мектептің» ұстазы Абдиева Жанат Амантайқызы жолдапты.

 

Бұл күнгі ауа райы да ерекше еді. Баланың кіршіксіз көңіліндей жаңбырдан кейінгі таза ауа, мерекеге лайықты безендірілген аула да жанды жадырата түскендей. Кітапхана ұжымы ұйымдастырған мерекелік шараға қаладағы бірнеше мектептен оқушылар қатысты.

 

Балаларға арналған салтанатты кешті балалар бөлімінің меңгерушісі Т.Қуанбаева кеш қонақтары мен балаларға арналған құттықтау сөзімен ашты. Одан әрі мерекелік кешті кітапханашы І.Сағызбаева жүргізді. Қоғамдағы балалардың құқығын, еркіндігін, денсаулығын, білім алуын, демалысын қорғау, балаларды күш көрсету мен психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы түсініктер беріп өтті.

 

Мерекенің көңілді өтуіне ерікті студент жастар тобы да ат салысты. Олар көңілді кейіпкерлердің образын сомдап, балғындарға әр түрлі ойындар ойнатып, би билетіп мерекені қыздырды.

 

 

Сонымен бірге Ақтау қаласындағы № 12 мектептің 3 «А» сыныбының және «Зерде» аула клубының оқушылары әсем әндері мен билерін тыңдармандарға тарту етіп, кеш қонақтарының ризашылығына бөленді.

 

Асфальтқа түрлі түсті бормен сурет салып, бақытты балалық шаққа саяхат жасаған балғындардың қуанышы шексіз болды. Мерекелік кеш соңында балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар таратылды.

Әр баланың жүрегін бір сәт болса да қуанышқа бөлеген мұндай игі істердің тәрбиелік маңызы өте зор. Жылылық пен жақсылықты сезінген әрбір ұрпақ кейін есейгенде Отанына, отбасына, жолдасына жанашыр жауапты тұлға болып қалыптасары сөзсіз.

Балғындарға қуаныш сыйлаған Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымына алғыс білдіреміз.

Ойы озық оқырмандарыңыз бен талғамы жоғары тыңдармандарыңыз көп болғай. Әрқашан аспанымыз ашық, балаларымыз бақытты болғай, - деп Ақтау қаласы «№ 12 орта мектептің» ұстазы Абдиева Жанат Амантайқызы жылы лебізін, кітапхана қызметкерлеріне деген ризашылық сезімін білдірген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему