Мамандығым – мақтанышым
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 17:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мамандығым – мақтанышым

19 Апреля 2016 (10:57) | 3895 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жуырда жас мамандар мен тәлімгерлердің слеты өткізілді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға хабарлаған Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекованың айтуынша: «2015 жылы және 2016 жылдың І тоқсанында азаматтық қорғау органдарының бос лауазымдарына орналасу үшін 4 конкурс өткізілген болатын, нәтижесінде 200 қызметкер қабылданды, сондай-ақ, 2015 жылы 13 қызметкер Көкшетау техникалық институтын бітірді».

 

Слетке жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері, сала ардагерлері жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – қызметін жаңадан бастаған офицерлер мен өрт сөндірушілердің бойында адамгершілікті, Отанға деген адалдықты, елжандылықты тәрбиелеу, өртсөндіруші-құтқарушы мамандығының беделін арттыру.

 

Аймақтағы Төтенше жағдайлар саласының қалыптасу тарихымен таныстыру мақсатында жас мамандар үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ – нің мұражайына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

 

 

Жас мамандарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев жылы лебізімен қарсы алды. Ол жастарға өзінің қызметтік жолы туралы баяндап, қызметін қатардағы өрт сөндіруші лауазымынан бастағаны жайлы әңгімеледі. Қызметтік – әскери тәртіптің сақталуына ерекше көңіл бөлді. Департамент басшысы жас мамандардың, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың жоғары моральдық-психолигиялық қасиеттерін қалыптастыруда және қойылған міндеттерді орындауда жауапкершілікті жоғары сезінуге баулуда, жастардың бойында қастерлі маман иесі екендігіне мақтаныш сезімін ұялатуда тәлімгерлердің алатын орны туралы атап көрсетті. Жас мамандарға табысты еңбек, денсаулық пен сәттілік тіледі.

 

Қызметін жаңа бастаған жас мамандар алдында аға буын әріптестері, басқарма және бөлім бастықтары сөз сөйледі. Өзінің еңбек тәжірибесімен төтенше жағдайлар органдары ардагерлері бөлісті.

 

 «ТЖ органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ Маңғыстау облысы филиалының төрағасы Сейтмолда Муханов Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар органдарының қалыптасу тарихы, ардагерлердің еңбек жолдары туралы әңгімелеп берді.

 

Департаменттің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше: «Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 200 - ден астам зейнеткері бар. Маңғыстау облысының ТЖ органдары ардагерлері Департамент өткізетін барлық қоғамдық-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады. Оларда ардагерлер жинақтаған тәжірибелерімен осы саладағы жас мамандармен бөліседі».

 

 

Бұдан соң, шарада әскери-қызметтік тәртіпті және сыбайлас жемқорлықпен күресу заңы талаптарын сақтау жөніндегі деректі фильм көрсетілді.

 

Жас мамандар сөз алып, таңдаған мамандықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Азаматтық қорғау лейтенанты Орынбасаров Нұржан, Көкшетау техникалық институтының 2015 жылғы түлегі. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бас маманы. Мамандық таңдауда қателеспегенін, Департамент басшылығына Көкшетау техникалық институты қабырғасында алған білімін жүзеге асыруға мүмкіндік бергеніне риза екендігін айтты.

 

Сол күні Департаментте «Жастарды патриоттық тәрбиелеу және тәлімгердің ролі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему