Нұрсұлтан алтын жүлдегер атанды
1 Февраля 2016 (11:20) | 1449 | Автор: Нурганым Имашева
22-24 қаңтар аралығында елордамыз Астана қаласында дзюдодан республикалық ашық турнир өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Степногорск, Өскемен қалалары және Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан 2002-2003 жылы туған 300-ге жуық балуан қатысты. Байрақты бәсекеде 12 жасар маңғыстаулық балуан Нұрсұлтан Манарбекұлы (35 келі салмақта) топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов:
- Шәкіртім Нұрсұлтан алғашқы қарсыласын 14 секундта айқын басымдылықпен ұтты, бұл жеңістерін басқа қарсыластарымен белдесуде қайталап, турнир жеңімпазы атанды.
Жалпы Нұрсұлтан күрестің екі түрінен бұған дейін бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарда облыс намысын абыроймен қорғап жүр. Осы уақытқа дейін шәкіртім самбо мен дзюдо күресінен «спорт шеберіне үміткер» атанып үлгерді.
Өткен аптада тағы бір шәкіртім Нұрбек Қуанышұлы Талдықорғанда өткен республикалық турнирде күмісті иеленіп, мерейімізді өсірді. Енді 4-8 ақпанда Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін ҚР чемпионатына қызу дайындалып жатырмыз.
Бүгінгі таңда спорт мектебінде 50 баланы спортқа баулып, тәрбиелеп жүрген жайым бар. Әрқайсысының болашағынан зор үміт күтемін, үздіксіз дайындықтың нәтижесінде әлі талай шыңдарды бағындырып, жерлестерімізге жеңіс сыйлайтын боламыз,-деп мәлімдеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему