Суық қаруды заңсыз сақтағандарға жаза күшейтілді
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 08:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Суық қаруды заңсыз сақтағандарға жаза күшейтілді

26 Января 2016 (13:09) | 7022 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жаңа жылдан бастап елімізде суық қаруға қатысты заң күшейді. Бұрын қару-жарақты заңсыз сақтағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып келсе, ендігі уақытта оларға қатысты қылмыстық іс қозғалатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы М.Күмісов мәлімдеді. Қазіргі таңда заңға бағынбай, қаруларын ішкі істер органдарына қасақана қайтармай отырған үш облыс тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

 

 

 ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 29 қазанындағы №1145 қаулысына сайжарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге тиым салынған болатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан жыл соңына дейін барлық азаматтар мұндай қаруларын ерікті түрде құқық қорғаушыларға тапсырулары тиіс еді. Жыл бойына жалғасқан травматикалық қаруларды сатып алу шарасы Маңғыстау облысында да өз деңгейінде өткізілді.

 

 2008 жылға дейін травматикалық және газды патронмен атылатын қаруларды жеке тұлғалар заң орындарының рұқсатынсыз пайдаланып келген. Көп ұзамай, мұндай қарулар тіркеуге алынып, өмірін қорғау мақсатында суық қару-жарақты иеленгісі келетін азаматтарға талап күшейтілді. Жалпы суық қару алғысы келетіндердің көпшілігі жеке кәсіпкерлер саналады. Травматикалық және патронмен атылатын газды қаруларды сатып алу үшін олар медициналық комиссиядан өтіп, үйлерінде сейф ұстап, дабыл қағу құралын орнатуға міндетті болды. Дегенмен, мұндай талаптарға қарамастан, 2012-2013 жылдары ел көлемінде аталмыш суық қаруларды орынсыз қолданатындар көбейіп, тұрғындарға дене жарақатын салу фактілері артқан. Біздің облысымызда да сол жылдары 18-20 жастағы 3 азамат осындай әрекетке барған.

 

«Осының салдарынан болу керек, 2014 жылы үкіметіміз травматикалық және атылатын патронды газды қаруларды сақтауға және қолдануға тиым салып, 2015 жылдың ішінде тегіс қайтаруды тапсырды. Маңғыстауда ресми тіркеуде 786 қару тұрған. Оның 260-ы дене жарақатын салатын ұңғысыз атыс қаруы болса, 526-сы патрондармен ату мүмкіндігі бар газды тапаншалар. Бір жыл бойына қаруларды сатып алу туралы акция жариялап, жеке тұлғалардан қаруларды өз еріктерімен тапсыруларын сұраған болатынбыз. Жыл соңына дейін 753 суық қару тапсырылып, тапаншалардың жағдайына байланысты ақшалары қайтарылды»,- дейді Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы М.Күмісов.

 

Оның айтуынша, бюджет есебінен бұл мақсатқа 37 миллион 143 мың теңге бөлінген. Атқарылған шараның нәтижесінде қаржы толығымен игеріліп, 699 азамат суық қарудың ақшасын алған. 10 азамат қаруды жоғалтып алғандарын айтып, қайтара алмай отыр. «Жоғалған қару қылмыстық есепке қойылады. Мұндай қаруларды ұстап, пайдаланған және сақтаған адам қылмыскер атанады және қылмыстық жауапкершілікке тартылады»,-дейді аға инспектор М.Күмісов.

 

Ал, 3 жеке тұлға заңға бағынбай, қаруларды қасақана қайтармай отыр екен. Қазір бұл 3 азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабымен іс қозғалып, қылмыстық қару есебіне енген. Себебі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап уақытында тапсырылмаған қарулардың барлығы заңсыз болып саналады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему