Ақтауда жетекші онколог мамандар басқосты
Курс валют в Актау
на 08/01/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
8 Января, 02:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жетекші онколог мамандар басқосты

4 Марта 2014 (04:22) | 6613 | Автор: Редакция

03-04 наурыз күндері Облыстық қан орталығында «Онкологиялық қызмет мамандарының аймақтық көшпелі кеңесі» ұйымдастырылуда.

 

 

Кеңеске ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру Департаменті директорының орынбасары Г.Құлқаева, Қазақ онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжР ҒЗИ) директоры м.ғ.д. Қ.Нұрғазиев, ҚазОжР ҒЗИ онкомаммология және онкоурология орталықтарының басшылары, сонымен қатар Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ДСБ басшыларының орынбасарлары мен облыстық онкологиялық диспансерлерінің басшылары және М.Оспанов атындағы БҚ ММУ медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары М.Күзденбаев пен онколог-дәрігері В.Бегунов және т.б. қатысты.

 

«Облыстық онкологиялық диспансер» директоры Нұрлан Мұқановтың мәлімдеуінше, «Онкологиялық есепте 2787 маңғыстаулық тұр, оның 22-сі балалар. Былтырғы жылдың аяғында 2 521 науқас есепте тұрды.

 

2012 жылы Маңғыстау аймағында 100 мың тұрғынға шаққанда 109 адам сырқатқа шалдыққаны анықталса, 2013 жылы сырқаттардың саны 123 адамға жеткен. Былтырғы жылы 714 адамның алғашқы рет қатерлі ісікке шалдыққаны анықталса, 2012 жылы бұл бағытта-634 сырқат тіркелген болатын. Сөйтіп, өңірде онкологиялық сырқатқа шалдыққандардың саны артқаны байқалып отыр».

 

«Қазақстанның барлық өңірлерінде әйелдердің сүт бездерінің обыры, өңеш, асқазан, тері және өкпе қатерлі ісігі белең алуда. Маңғыстау облысында қатерлі ісік сырқаттарын емдеу жоғары деңгейде деп айтуға келмейді. Оның объективті және субъективті себептері бар. Атап айтар болсақ, бұл-онкологиялық диспансер ғимараты құрылысының ұзаққа созылуы және маман тапшылығы. Білікті мамандарды шақыру үшін жергілікті билік өкілдері дәрігерлердің әлеуметтік мәселесін-олардың тұрғын үймен қамтылу проблемасын шешуі қажет. Біздің басқосуымыздың басты мақсаты аймақ мамандарына онкологиялық көмек мәселесін шешуге көмектесу, саланың өзекті проблемаларын, былтырғы жылғы әрбір жағдайды талдай отырып, қорытынды жасау»-деді жергілікті БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қазақ онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қуаныш Нұрғазиев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему