№1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері арасында шахмат және дойбы ойындарынан турнир өтті
11 Января 2016 (10:20) | 3622 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің (ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ) №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің оқу сыныбында өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында шахмат және дойбы ойындары бойынша жарыс өтті. Бұл туралы «ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Турнирге 25 қызметкер қатысты. Тартысты да қызықты ойын нәтижесінде қатысушылар орындарды келесідей бөлісті:
Шахмат ойыны бойынша:
І - орында аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау прапорщигі Эминов Нұрғиса;
ІІ - орында аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау прапорщигі Темірғалиев Еркін;
ІІІ- орынды бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Наврузов Ринат иеленді.
Дойбы ойыны бойынша:
1-ші орынды - өрт автокөлігінің жүргізушісі азаматтық қорғау сержанты Сақтағанов Асқар иеленді;
2-ші орынды - аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты Өтеғұлов Құралбек жеңіп алды;
3-ші орын - бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Дүйсекешов Дәулетке бұйырды.
Барлық жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему