«Балдәурендегі» бал күндер
11 Августа 2015 (11:13) | 2250 | Автор: Нурганым Имашева
Жаз мезгілі-балалар үшін ерекше сағынышпен күтілетін кезең. Бастауыш және орта буын сынып оқушылары үшін бұл уақыт-дүниетаным аясы кеңейіп, көзқарас қалыптасып, шығармашылық әлеуетін арттыратын кез.
Жаз маусымы жасөспірімдердің өз мүдделерін қанағаттандырып, ойын-сауыққа қызығушылығы артатын, 9 айға созылған оқу жылындағы бойында жиналып қалған шиленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі.
Жаз-балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге, құрбы-құрдастарының арасында рухани және эмоциялық құндылықтарымен алмасуға мүмкіндік береді. Жасөспірімдер жайма шуақ жаз күндерді аңсап күтеді, көңілді тыныққысы келеді.
Облыстық «Дарын» қосымша білім орталығы «Балдәурен» базасында 7-13 жастағы жасөспірімдер үшін табиғаты тамаша Каспий теңізі жағасында демалуға мүмкіндік туғызатын жазғы демалыс лагерін ашты. «Балдәурен» базасында 2 жатақхана, 1 оқу корпусы, балалар 5 мезгіл тамақтанатын 100 орындық асхана жұмыс істейді.
Ақшатырда бір ауысымда 100 бала қабылданып, 12 күн демалады. Ағымдағы жылдың жазғы демалыс маусымында 08.06.-28.08. аралығында 6 ауысым қарастырылған.
«Дарын» қосымша білім орталығы, шығармашылық-инновациялық зертханасы мамандарының мәлімдеуінше, «Ақшатырдағы алғашқы III ауысымда аймақтағы 5 аудан, 2 қала бойынша жетім, жартылай жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балалары мен үздік оқушылар-барлығы 300 бала қабылданды.
Жазғы ақшатырдың I-ші ауысымы ағымдағы жылдың 08-19 маусым аралығын қамтыды. Алғашқы демалушылар қатарына Ақтау қаласынан-55 бала, Мұнайлы ауданынан-45 бала қабылданды. Ақшатырдың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Әлібекова қатысып құттықтау сөз сөйледі.
БАҚ-нан «Хабар» агенттігі, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшілері келіп, «Балдәурен» ақшатыры туралы арнайы бағдарлама дайындалып, жергілікті және республикалық телеарналардан көрсетілді.
Жазғы ақшатырда балалардың демалысы көңілді де қызықты өтуде. Теңіз жағасында спорттық ойындар (күрес, арқан тарту, баскетбол, волейбол) және көңілді эстафеталар ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге, оқу корпусында шахмат, тоғыз құмалақтан жарыстар өткізіледі. Балалар домбыра, гитара, ән айту үйірмелеріне тартылады. Ақшатырда балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін дәрігер және медбике, ювенальды полиция қызметкері жұмыс істейді.
Ауысымдағы 12 күніміз әр түрлі шараларға толы: мұражайға саяхат, қуыршақ театры қонақта, КВН, жас таланттарды іздейміз (сурет өнері, әншілер, ақындар байқауы) т.б. ІІІ-ІV ауысымдарда ақшатыр демалушылары үшін «Сиқырлар әлеміне саяхат» атты бағдарламасымен цирк өнерпаздары өнер көрсетті. Ақшатыр астындағы балалардың балғын балдәурені қызықты да, көңілді өтуде.
IV-V ауысымдарда балалар («Арғымақ ТрансСервис» ЖШС, Бейнеу аудандық әкімшілігінің қаржылай қолдауымен, жеке ата-ананың қолдауымен) ақылы түрде қабылданды.
«Балдәурен» ақшатырының жабылу салтанаты 11.08.2015ж сағат 20.00-ге жоспарланып отыр».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему