Жерлестеріміз жеңіспен оралды
4 Августа 2015 (15:47) | 1426 | Автор: Нурганым Имашева
Қарағанды қаласында тоғызқұмалақтан тірек-қимыл және көз мүшелері зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионаты мәресіне жетті. Жарыста аймақ намысын Бақыт Құдайбергенова, Жанболат Коштаев, Бисенбек Нурсебепов, Ақкүміс Бокаева қорғады. Аталмыш турнирге еліміздің барлық өңірінен 60-қа жуық спортшы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсті.
«Тоғызқұмалақ-әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын болып саналады. Логикалық ойлау қабілетін жақсы қалыптастырады. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша, ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды екен. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зияткерлік даму құралы ретінде қолданған көрінеді.
Менің жалпы спортты жаныма серік еткеніме 20 жылдан астам уақыт болыпты. 2004 жылы Алматы қаласында тоғызқұмалақтан өткен жарыстан чемпион атанып келдім. Кейін мен толықтай тоғызқұмалақ ойынын қолға алып, шәкірт тәрбиелей бастадым.
Шәкірттерімнің де жетістіктері де жаман емес. Дайындалатын жер болмағандықтан тоғызқұмалаққа қатысатын шәкірттерімді үйге шақырып алып, дайындаймын. Бізде талантты, дарынды жастар көп. Бірақ, әттең оларға қолдау көрсетілмейді. Солардың басын қосып, дайындалатын арнайы спорт залының жоқтығы қиын болып тұр»,-дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақыт Құдайбергенова.
Жарыстың қорытындысында әйелдер арасында жеке есепте 5 ұпаймен суырылып алға шыққан Қазақстан Республикасының спорт шебері Бақыт Құдайбергенова 1-орынды иеленіп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, спортшылар арасында ұтымды ойын көрсеткен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Ақкүміс Бокаева жүлделі 2-орынды иеленді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему