Ақтаудағы 4-шағынауданға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы 4-шағынауданға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

14 Июня 2022 (17:32) | 1414 | Автор: Редакция

Ақтау қаласындағы 4-шағынауданға абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналында тұрғынның жолдаған сауалына жауап берген Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді.

Желі қолданушысы өзі тұратын ықшам ауданда балалар ойын алаңы, тротуардың жоқтығы мен көлік тұрағы мәселесі өзекті болып тұрғанын тілге тиек етіп, тиісті мекемеден аталған мәселенің шешілуін сұраған. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері дер кезінде жауап берді, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жауапты мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, 1, 4, 14, 22, 28А, 29 шағынауданды абаттандырудың бас жоспары жасақталған. Аталған құжатта балалар ойын алаңы, тротуар мен көлік тұрағының орындары анықталған. Бас жоспардың өзге тараулары бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамаға осы жылдың қыркүйек айында жолданады екен.

-Шағынаудандарды абаттандыру жұмыстары тозығы жеткен су және жылу жүйесінің құбырлары мен кәріз желісінің ауыстырылуынан соң ғана жүргізіледі - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему