Маңғыстауда ерікті түрде 215 медицина қызметкері екпе алды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 03:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ерікті түрде 215 медицина қызметкері екпе алды

18 Февраля 2021 (14:08) | 2049 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында ерікті түрде 215 медицина қызметкері екпе алды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.

 

 

Оның айтуынша, вакцинадан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ. Вакцинацияланған адамдар медициналық бақылауда болады.

 

«3 ақпан күні №2 қалалық емханада «Спутник – V» вакцинациясы басталды. Арнайы есепке алу мақсатында екпе алған адамның электрондық паспорты әзірленеді. Вакцинацияға қатысты мәліметтің барлығы Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде сақталады», - деді Ғазиз Надуев.

 

Маңғыстауда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқушылар арасында коронавирустық инфекциясының 70 жағдайы тіркелді. Оның ішінде оффлайн әдіспен оқитындар – 31, онлайн әдіспен – 39. 

 

Оның айтуынша, оқушылар арасындағы коронавирустық инфекцияның 39 жағдайы Ақтау қаласында, 12 Түпқараған ауданында, 18 Мұнайлы ауданында және 1  Бейнеу ауданында анықталған.

 

«Мұнайлы ауданы бойынша  офлайн  дәстүрлі форматта білім алып жатқан 10 оқушыдан коронавирустық инфекциясы 23-28 қаңтар аралығында анықталған болатын. Бұл мектептер карантин режиміне ауысты», - деді Ғазиз Надуев.

 

Маңғыстау облысында 2020 жылдың 27 наурызынан 2021 жылдың 17 ақпанына дейін коронавирус инфекциясының 4170 жағдайы тіркелді. Оның ішінде шағыммен – 1471 (35%), шағымсыз – 2699 (65%) жағдай. Ауру деңгейінің көрсеткіші 565,9. Соңғы репродуктивті көрсеткіш 0,8. Төсек корының көрсеткіші 20%.

 

«Эпидемиологиялық талдау қортындысы бойынша инфекцияға шалдыққандардың 50%-дан астамы КВИ індетін жұқтырғандармен тығыз қарым қатынаста болған. Контингент кестесіне сәйкес, науқастардың басым бөлігі – жұмыссыздар мен зейнеткерлер. Бұл әлі де біздің халықтың түрлі жиындарға, той-садақаларға, отбасылық мерекелік шараларға баруынан туындап отыр», - деді Ғазиз Надуев.

 

Өңірде коронавирус инфекциясын ПТР тәсілімен анықтайтын мемлекеттік және жеке меншік 7 зертхана бар. Оның 1-уі Ұлттық сараптама орталығы, 5-уі жеке меншік зертхана (Олимп, Чакур, Инвиво, Эталон, Алатау Клиник) және тағы бір зертхана Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында орналасқан. Аталған лабораторияларда барлығы 260168 адам тексерілді. Орта есеппен тәулігіне 705 адам ПТР зерттеуден өтеді. Қазір ұлттық сараптама орталығында 29246 тест сынамасы бар.

 

Облыста 1 қантардан бастап 24 мониторинг тобы құрылды. 1 қаңтар мен 17 ақпан аралығында 248 рейд жүргізіліп, 2949 нысан тексерілді. Рейд барысында 11 нысанда бұзушылықтар анықталып, 9 (6 жеке кәсіпкер, 3 жеке тұлға) әкімшілік хаттама (2 млн. 143995 тг.) толтырылды.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему