Маңғыстаулық өртсөндірушілер «Ақтау» басты мұнай айдайтын станциясындағы «тілсіз жаумен» шайқасты
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өртсөндірушілер «Ақтау» басты мұнай айдайтын станциясындағы «тілсіз жаумен» шайқасты

12 Августа 2019 (09:18) | 2078 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, «Ақтау» басты мұнай айдайтын станциясында (БМАС) Маңғыстаудың өрт сөндірушілері оқыстан пайда болатын қауіпті еңсеру бойынша өз дайындықтарын тағы бір пысықтады.

 

 

БМАС мұнай құбырынан және темір жол цистерналарынан резервуарларға мұнайды қабылдауға, оны резервуарлардан магистральдық мұнай құбырына және құймалы айлақтарына айдауға арналған. Ол Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан.

 

Ауысым бастығы өрт туралы өрт сөндірушілерге хабарлайды. Өрт- тактикалық жаттығуының шарты бойынша №17 резервуарда бу-ауа қоспасының жануы, кейін шатырдың жарылысы және өрттің пайда болуы орын алды. Өрттің көрші резервуарларға таралу қаупіне байланысты шартты өртке жоғары күрделілік дәрежесі берілді.

 

 

№17 РВС резервуарындағы шартты өртті сөндіру үш кезеңмен орындалды: бірінші кезең – өрт сөндіру автоматты өрт сөндіру жүйесімен (АӨСЖ), ал жанып жатқан және көрші резервуарларды суару стационарлық қондырғысымен салқындату жүргізілді; 2-ші кезең – АӨСЖ шартты зақымдануына байланысты және жанып жатқан резервуарды суарудың жартылай сақинасы резервуарларды салқындату жылжымалы өрт техникасынан жүргізілді; 3-ші кезең – жанып жатқан резервуарды сөндіру арнайы өрт техникасынан, жылжымалы өрт техникасынан салқындату, көрші резервуарды салқындату резервуар диаметрінің жартысына суару қондырғысы арқылы жүргізілді.

 

 

-Шартты өртті жою үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылары мен кәсіпорын әкімшілігінен жедел штаб құрылды, өрт сөндіру техникаларын көшіру жүргізілді, көбік түзушінің қажетті қоры қамтамасыз етілді және мұнай өнімдерінің шығуы мен шығарылуы мүмкін уақыт есебі жүргізілді.

 

Жедел кезекші стационарлы алаңға автокөтергіш (АКП) пен автосатыны (АЛ) орнатуға, сондай-ақ көбікті шабуылға дайындалуға команда береді және дайындық бойынша шартты түрде жанып жатқан резервуардың көбікті шабуылы жүргізілді.

 

 

Өртті сөндіруге қатысушылар мен нысан қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттері нәтижесінде шартты өрт сәтті жойылды.

 

Оқу-жаттығуға Қызметтің жеке құрамынан 60 қызметкер, МФ «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС – өрт сөндірушілері, БМАС әкімшілігі және ерікті өртке қарсы құралымдар мүшелерінен қатысты. Негізгі 13 бірлік, арнайы және қосалқы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему