Маңғыстау тұрғындары өндіруші саланың ашықтық бағдарламасынан хабардар болады
5 Августа 2014 (04:18) | 2057 | Автор: Редакция
Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы маңғыстаулық журналистерге арналған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (ӨСАБ) тақырыбында үш күндік тренингті ұйымдастырды.
Өндіруші салалардың ашықтығы бағдарламасы (ӨСАБ)-2002 жылы Йоханесбург қаласында тұрақты даму бойыншща өткен саммитте Тони Блэрдің бастамасымен қолға алынған мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларындағы табыстардың ашықтығын қамтамасыз ететін әлемдік үлгідегі бағдарлама.
«Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (ӨСАБ)-табиғи қорлардан түсетін табыс көзін қолданудағы ашықтық және жауапкершілікті ұлғайту мақсатында бірлесе жұмыс істейтін билік, компаниялар және азаматтық қоғамның әлемдік одақтастығы.
Біздің аймақтағы ӨСАБ-ты енгізудің алғашқы қадамын жасауға ықпал етуші Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы осы мәселе бойынша жергілікті БАҚ өкілдеріне дәріс оқуға Алматы қаласынан Халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцев пен «ИНМИР» қоғамдық қорының директоры Светлана Ушакованы шақырды.
«Бүгінгі облыс көлеміндегі БАҚ журналистеріне арналған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» тақырыбын насихаттау үшін жүргізілген тренинг-семинардың мақсаты-бұл, ең бірінші осы БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру, екінші-өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бағдарламасының принциптері, оның шығу тарихы, біздің еліміздің дамуындағы ролі туралы білімдерін жетілдіру арқылы болашақта аналитикалық талдау материалдарын жазған кезде оларды қалай жазу керек, олардың қоғам үшін маңыздылығын қалай түсіндіру керек-міне осы мақсатта құрылған тренинг болатын.
Барлық аудандық және облыс деңгейіндегі БАҚ өкілдері, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту палатасы және мұнай өндіруші компаниялардың баспасөз қызметінің мамандары, облыс әкімшілігі жанындағы баспасөз қызметі бөлімінің өкілі қатысқан жиын өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Жалпы, негізі, бүгінгі таңда БАҚ-тың қоғамның мәдениетін көтеруге, халықтың санасын өсіруге, құқықтық мәдениетін көтеруге қосар үлесі зор. Сондықтан бұл тренинг аймағымыздағы өзекті мәселелердің, олардың әлеуметтік маңыздылығын, оған қоғамның назарын аудару арқылы тараптардың жауапкершілігін арттыруға БАҚ арқылы үлес қосады»,-дейді «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ жетекшісі Жақсыгүл Маханбетова.
Мұнай, газ, металдар және минералдар сияқты табиғи қор көздері ел азаматтарының меншігі болып табылады. Өндіру жұмыстары дұрыс басқарылатын болса, бұл пайдалы қазбалардан келіп түсетін табыс-ел экономикасын дамытып, кедейлікті азайтады. Керісінше, өндіру жұмыстары дұрыс басқарылмаған жағдайда бұл ресурстар кедейлікке, сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғуы және жанжал ошағын тудыруы мүмкін.
Табиғи қорлардан түскен табыстың елдің барлық азаматтардың игілігіне қолданылуын қамтамасыз ету үшін әр елдің аталған табиғи байлықтарын басқарудағы ашықтығы өте маңызды.
2013 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасына «ӨСАБ-ізбасар ел» жоғары дәрежесі берілді.
Қазақстанда ӨСАБ-ны ары қарай жетілдіру, ӨСАБ Халықаралық Басқармасымен қабылданған және 2013 жылы мамырда Австралияның астанасы Сидней қаласында өткен 6-шы Ғаламдық Конференцияда жарияланған ӨСАБ-ның Жаңа ережелерімен жүзеге асады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему