Ақтаулық прокурорлар жаңа заңды зерделеуде
Курс валют в Актау
на 20/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 12:18
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтаулық прокурорлар жаңа заңды зерделеуде

14 Июля 2014 (04:19) | 1781 | Автор: Редакция

 

Қызметтері қала тұрғындарының заңды құқығын қорғау, түрлі салалардағы заңдылықтың сақталуын қадағалауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері қабылданған кез-келген заң, құқықтық-нормативтік актілер сынды өз қызметтеріне қатысты заңдарды міндетті түрде зерделеп, оқып-үйрену, талқылауды әдетке айналдырған. Мұны олардың жауапкершілік жүгі зор қызметтері талап ететіні анық. Өйтпегенде ше, өзгеден кез-келген заң нормасының бұлжытпай орындалуын талап ету үшін, өзің сол заң талаптарын бүге-шүгесіне дейін білуің қажет екенін прокурорлар, әрине, жете түсінеді.

 

Өткен аптада еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев заңнамалық актілерді жаңа қылмыстық кодекске сәйкестендіруге бағытталған «Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

       

Аталмыш заңмен толық танысып, оны зерделеу үшін Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері қызметтік міндеттерінен босаған соң арнайы құрылған кесте бойынша семинарлық сабақтар жүргізуді жоспарға енгізген.

 

Сабақтарға толық құраммен қатысатын прокурорлар жаңа заңды ыждаһаттылықпен зерделеуге кірісіпті.   

 

 

Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша: «Аталмыш заң қылмыс түрлеріне қарсы тұру әрі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Осынау заңда экстремизм мен терроризмге қатысты жаза күшейтілді. Сондай-ақ, радикалды идеологияны насихаттаған тұлғалар мен тұрғындарға да жаза күшейтілген. Кәсіби әрі ұйымдасқан қылмысқа қатысты жаңа нормалар енгізілген. Соның ішінде, ақпараттық технология мен медицина саласындағы қылмыстарға тойтарыс беру қарастырылған.

 

Арнайы құрылған кестеге сай біз семинарлық сабақтар кезінде жаңа «Қылмыстық Кодекстің» әрбір тарауын талқылап, «Қылмыстық заң», «Қылмыстық құқықбұзушылық», «Жаза», «Жазаның тағайындалуы», «Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату», «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық құқықбұзушылықтар», «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар», «Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстық құқықбұзушылықтар» және «Медициналық қылмыстық құқықбұзушылықтар», «Экологиялық қылмыстық құқықбұзушылықтар» деп аталатын тағы сол сияқты жаңа «Қылмыстық Кодекстің» барлық тарауларына жеке-жеке тоқталып зерделейміз.

 

 

Мұндағы біздің мақсатымыз-қызметкерлердің жаңадан қабылданған Заңның әрбір тарауын толық зерттеп, зерделеп, қызмет барысында қолдануына жағдай жасау, ұжымдық талқылау арқылы қызметтік қолданысқа енгізуден бұрын заңға жаңадан енгізілген өзгертулер және толықтыруларды тереңірек зерттеп, олармен танысу.

 

Бұл заң-Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік бермек және бүгінгідей дамыған заманда орын алатын қылмыстармен күресті күшейтуге, мемлекеттік мүдденің қорғалуын қамтамасыз етуге арналған».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему