Аким Мангистау поздравляет с праздником Рамазан
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 13:42
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Аким Мангистау поздравляет с праздником Рамазан

30 Июня 2014 (04:38) | 1606 | Автор: Редакция

 

Құрметті маңғыстаулықтар!

 

Сіздерді  қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Адамның жан дүниесінің тазалығы мен діни сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретіні хақ» дегені бар. Ендеше адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісім мен тұтастыққа, сабырлыққа шақыратын сауапты да салауатты Рамазан айының маңызы сөзсіз аса жоғары.

 

Осы айда ораза ұстаумен қатар мұқтаж жандарға  қайырымдылық көрсету, жанашырлық пен қамқорлық, қайырымдылық пен ізгілік жасау сауабы мол  амалдарға жатады.

 

Құрметті жерлестер!

 

Маңғыстаудың мұсылман қауымына осы қасиетті айда бақ-береке мен дұға-тілектеріңіздің қабыл болуына тілектеспін! Жүректеріңіз сенімге, жүздеріңіз шапағатқа толсын!

 

Құдайға шүкір, ел аман, жұрт тыныш. Бұл – Сіздердің дұғаларыңыздың шарапаты болар. Бұдан әрі де, Елбасымыз негізін қалаған рухани татулықтың  қаймағын бұзбай, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында бірге болайық!

 

Алла тағала ынсап, ынтымақ-береке берсін, отбасыларыңызға бақыт, денсаулық тілеймін! Ораза қабыл болсын!

 

Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему