Ақтаулық журналистер құтқарушылар мен өртсөндірушілер кейпіне енді
Курс валют в Актау
на 20/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 14:13
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтаулық журналистер құтқарушылар мен өртсөндірушілер кейпіне енді

28 Июня 2014 (07:30) | 2112 | Автор: Редакция

 

Елімізде жыл сайын 28 маусымда аталып өтілетін БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өңірлік тілшілер қауымына бір сәтке үйреншікті қызмет құралдары-қаламдары мен қойын дәптерлері және микрофондарын құтқарушылар мен өртсөндірушілердің құрал-жабдықтары мен арнайы киімдеріне ауыстыру мүмкіндігі ұсынылды.

 

Осындай ұсынысты жасаған Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мамандары өздерінің қызығынан гөрі қиындығы басым, жауапкершілік жүгі зор қызметтерінің «ұңғыл-шұңғылын» журналистер қауымы өз көздерімен көріп, сезінуіне, өртсөндіруші мен құтқарушы мамандығының қыр-сырын жете біліп, түсінуге жол ашуды мақсат тұтқан. Бұл жөнінде аталмыш мекеменің баспасөз хатшысы Рукья Сычева мәлімдеді.

 

Екі топқа бөлінген қаламгерлерге нағыз сынақ алаңынан өтуге тура келді. Олар 37 секунд ішінде дабылмен ширақ қимылдап, өрт шыққан жерге тез жету, өртсөндірушінің 35 келідей салмағы бар арнайы киімін киіп, өрт оқпанын қолдану арқылы шартты «жалынды» сөндіру, арнайы автосаты арқылы 32 метр биіктікке көтеріліп, адамдарды тез арада құтқару және құтқарушыларға арналған жол-көлік оқиғалары кезінде металды кесетін арнайы гидравликалық қайшы, қысқыштарды пайдалану тәсілдерін меңгерді.

 

Құтқарушы қызметіне қатысты көзқарастарының осы жаттығулардан кейін өзгеруі туралы әріптестері арасында сөз қозғалған кезде облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі Жұмазия Оразай: «Бүгінгі жаттығудан соң өртсөндірушілердің қызметіне деген менің көзқарасым түбегейлі өзерді. Адамдарға олардың қызметін құрметтеп, бағалау қажет екенін айтқым келеді. Өртсөндірушілердің осындай аптап ыстықта тілсіз жауды ауыздықтауы ерлікпен тең екеніне көзіміз жетті»,-деген пікірімен бөлісті.

 

 

Аталмыш қызметтің мамандары мен ержүрек құтқарушылардың ерліктері жайлы қанша мәрте қалам тербеуге және түрлі материалдар дайындауға тура келсе де, бұл кәсіптің бүге-шүгесіне қатысты көп жайттарға өздері тікелей араласқан соң қаныққан тілшілер қауымына біршама қиындықтарды еңсеруге тура келді.

 

«Хабар» арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлмира Әбішева: «От пен судың ортасында жүретін құтқарушылардың қызметтері шынымен де қиын екен. Бүгін оған көз жеткіздік. Олар нағыз ержүрек, батыр деуге әбден лайық жандар.

 

Салмағы 35 келідей болатын ауыр киіммен жүріп, жанған от арасынан адамдарды құтқару өте ауыр. Сондай-ақ қазір тыста 40 градустай ыстық.Журналистердің арасында жаттығудың соңына дейін жете алмай, жолда қалғандары да болды. Кейбірінің жүрегі қысылып, тынысы тарылып, басы айналды.

 

Осындай аптап ыстықта өрт сөндіру, шынымен де ерлікпен пара-пар. Сондықтан құтқарушылардың қызметі адал, құрметтеуге лайық»,-деді.

 

 

 

Ауа райының 40 градусқа жуық аптап ыстығында журналистер киген адам денесіне су мен ауаны жібермейтін арнайы материалдан тігілген құтқарушылардың костюмдері оған қоса арқасына орналастырған салмағы 16 келі тартатын дем алу аппараты, өлшемі үлкен болған резеңке етіктер мен үлкен үш саусақты қолғап, бастарына киген ауыр каска және т.б. киімдердің өзін көтеріп жүру де үлкен сынақ болды.

 

Дегенмен қызмет бабымен қандай қиын болса да түрлі жағдайды басынан өткеріп жүрген тілшілер қауымы бұған еш мойымады. Әрқашан белгісіз нәрсенің сырын ұғынуға деген талпыныстарымен көзге түсетін қалам иелері өртсөндірушілердің ұсынған түрлі сынақтарынан абыроймен өтіп, алға ұмтылумен болды.

 

Нәтижесінде тілшілердің бірінші тобы «тілсіз жауды» 1 минут 37 секундта ауыздықтаса, ал екінші топ 1 минут 46 секундта тапсырманы орындап үлгерді. Ұзақтығы 3 сағатқа созылған сынақтың барлық сатыларынан өткен жаңалық жаршыларының әрекетіне өртсөндіруші мамандар өз бағасын да берді.

 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Басқармасының» бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Назарали Гаджимагомедұлы Селимов: «Журналистердің бүгінгі қызметін мен «4» деген бағаға бағалаймын. Барлық нормативті шамаларынша біздің талабымызға сай орындауға тырысты.

 

Арнайы дайындықсыз адамның мұндай ауыр сыннан өтуі өте қиын. Спортпен шұғылданатын, мықты жандар бұл сынақты еңсеруі мүмкін, өйткені мұндай жаттығуларда нәтиже болуы үшін сан мәрте қайталанатын дайындық қажет. Шын өрт жағдайында қимылдау дегеніміз мүлдем өзгеше болатыны сөзсіз»,-деді.

 

Жаттығу соңында өз пікірін білдіруді өтінгенімізде «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі Жасұлан Мұқанов: «Өрт сөндіру құралдарымен де таныстық, жауынгерлік киімдерді де кидік. Олардың салмағының ауырлығын да сезіндік.

 

Ойламаған жерден өрт болған кезде адам өз-өзіне сенімді, дайын болуы керек. Бүгінгі жаттығуымыз өзімізге соның бір бастамасы, дайындық, сабақ болды.

 

 

Құтқарушының қызметі күрделі мамандық екенін ұққандаймыз. Жоғарыға 32 метр биіктікке көтерілгенде қыз балаларға қиын болды. Басымыз айналды деді олар. Ал біз ер азаматтарға жоғарыға шығып жүргеннен шығар, ешбір қиындық туғызған жоқ.

 

Өртсөндірушілердің қызметімен жақынырақ танысу мүмкіндігі берілгені бізге жақсы болды. Бұл мамандықтың біраз қырларын байқадық, өз басымыздан өткердік, жалпы бұл кәсіпті тек қызығушылығы бар жандар меңгеретін шығар, жоғары дайындық керек екенін түсіндік»,-деген ойларымен бөлісті.

 

Өздерінің төл мерекесі қарсаңында осындай сынақтан өткен маңғыстаулық журналистер ең құнды дүние-адам өмірін құтқарумен байланысты мамандықтың қыр-сырна үңілумен қатар, өз мамандықтары үшін де маңызы зор жайттарға қанықты.

 

Барлық әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, шалқар шығармашылық шабыт, толағай табыс, адал қызметтері үшін арқалағандары алғыс болсын деген шынайы ізгі тілегімізді жолдаймыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему