Суға түсу қауіпсіздігін сақтау-баршаға міндет
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 01:08
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Суға түсу қауіпсіздігін сақтау-баршаға міндет

7 Июня 2014 (04:41) | 1975 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департментінің «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Айбол Жұмашев қала тұрғындары мен меймандарын суға түсу қауіпсіздігін сақтауға шақырған мәліметті ұсына отырып: «Көптен шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе көпшілікке белгілі «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Шора» су арнасы («Қаракөл» көлі) болатын.

 

Қала әкімшілігінің шешімімен, қала сыртында, теңіз жағалауында орналасқан осы суға түсуге аса қауіпті орынның екі жағы торлармен қоршалып, бильбордтар және арнайы үлкен тақтайшаға «Суға шомылуға қатаң тиым салынады!» деп ескерту жазылған, соған қарамастан, демалушылар, әсіресе балалар осы орынға суға түсуді әлі де тоқтатпай келеді.

 

Ағымдағы жылдың 27 мамыры күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.30 шамасында «Ақтау қалалық судан құтқару бекетінің» жедел кезекшісіне «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Шора» су арнасында («Қаракөл» көлі) бір адамның суға кеткендігі жөнінде суыт хабар түсті. Апаттан құтқару сүңгуірлер жасағының бастығы Е.Айдарбеков және құтқарушы-сүңгуірі Е.Корғанбаевтар мүрдені судан шығарып, құтқарушы-фельдшер Б.Күншығаров алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткеніне қарамастан, суға түсуші азаматша қайғылы оқиғаға ұшырады. Осы күнге дейін осы орында 33 адамның суға кету дерегі тіркелді»,-деп мәлімдеді.

 

Айбол Аманғалиұлы: Сондықтан қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына теңіз жағалауындағы қауіпті аймақтарда суға шомылуға қатаң тиым салынатынын ескертеміз. Ата-аналар мен ересектер, балаларыңыздың өз бетінше суға шомылуына жол бермеңіздер. Каспий теңізі жағалауларындағы жазғы маусымдағы демалыстарыңыз тек қана қуаныш әкелсін!»-деп өз сөзін аяқтады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему