Малшыларға арналған көшпелі тұрғын үй жасалды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:57
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Малшыларға арналған көшпелі тұрғын үй жасалды

28 Мая 2014 (10:01) | 1895 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысында шаруаларға арналған жылжымалы тұрғын үй кешенінің жобасы жасалды. Заман талабына сай кешен мал бағатын шаруалар үшін өте ыңғайлы болмақ. Ерекше жобаны таныстырған «Маңғыстау су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Абдулла Мырзаевтың айтуынша, елімізде әзірге мұндай жобаның баламасы жоқ.

 

Кешен қос вагоннан тұрады. Алғашқы вагон шаруаның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне арналады. Онда арнайы пеш бар. Аталған пештің көмегімен үйді жылытып, тамақ пісіреді. Ал, екінші вагонда монша мен қойма болады. Сонымен қатар, су сақтайтын бөшке мен мал суаратын құрастырмалы астаулары бар. Бұл әсіресе, малы қысы-жазы табиғи жайылымдарда бағылатын аймақ шаруалары үшін тиімді. «Трактормен әлгі кешенді тіркеп алып, шөбі шүйгін, жерасты суы бар жерлерге көше бересің»,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары. Кешен жергілікті құрылыс материалдарынан жасалады. Сондықтан да малшылар үшін қолжетімді бағамен сатылмақ. Айтпақшы, жаз мезгілінде салқындап жатқысы келетін фермерлер үшін кешеннің құрамында кәдімгі киіз үй де болады. Көшкен кезде киізүйді жинап алып, вагонның төбесінде орналасқан жүк салғышқа салып, кете беруге болады.

 

Бұл жобаның экономикалық һәм экологиялық тиімділігі жоғары. Шаруалар өздеріне қажетті қуат көзін вагон шатырында орналасатын күн және жел электр станцияларынан алатын болады.

 

 

Абдулла Мырзаев, «Маңғыстау су жүйесі» МКК басшысы:
-Күн және жел электр станцияларының әрқайсысы 5 квт электр энергиясын бере алады. Сонда екеуін қосқанда 10 квт. Бұл фермердің құдықтан су шығару, үйін жарықтандыру, басқа да тұрмыстық қажеттілігіне қажет энергияны бере алады. Бұл жоба болашақта 2017 жылы Астанада өтетін «Экспо – 2017» көрмесіне Маңғыстау облысы ауылшаруашылығы басқармасының атынан дайындалып жатқан экспонатымыз.

 

Мамандар алғашқы кешенді салуға кірісіп кетті. Бірінші кешен осы жылдың аяғында дайын болады.

 

Мамандардың айтуынша, жаңа кешен Маңғыстау облысындағы мал жайылымдарын суландырудың бірден бір жолы екен. Мәселен, біздің аймақ шөлейтті. Аймақтағы табиғи жайылым қоры – 12,7 млн. гектарды ғана құрайды. Мал ежелден жазда – Үстіртте, қыс кезінде – Маңғыстаудың ойындағы жылы жерлерде бағылады.

 

Жайылым жерлердің жетіспеуі малды қысы-жазы қолда бар жалғыз су көзінің төңірегінде бағуға мәжбүрлеуде. Бұл топырақтың эррозияға ұшырауына – жайылым айналымынан шығуына әкеліп соқтыруда.

 

«Бүгінге, облыста мал шаруашылығын кең ауқымда дамытуға жеткілікті жайылым қоры болғанымен, жайылымды суландыру мәселесінің шешілмеуі ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына шек келтіруде. Маңғыстау өңірінде мал шаруашылығын дамыту мәселесін толық шешу үшін табиғи мал жайылымдық жерлерді айналым түрде пайдалану қажет. Ол үшін жаңа ұңғымаларды қазу, жайылымда жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жасау, олардың басқа да техникалық мәселелерін шешу жұмыстары жасалмақ. Міне, бүгінгі таныстырылған жылжымалы тұрғынүй кешенінің жобасы сол істердің бір парасы», -дейді «Маңғыстау су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Абдулла Мырзаев. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему