Жас сарбаздар ант қабылдады
Курс валют в Актау
на 21/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
21 Ноября, 19:17
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Жас сарбаздар ант қабылдады

20 Мая 2014 (04:14) | 1626 | Автор: Редакция

 

Каспий теңізіндегі ел шебін қорғаушы шекарашылардың қатары тағы 134-ке толықты. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының қатарына алынған теңіз сақшылары салтанатты түрде ант қабылдады.

 

Жас сарбаздар еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан шақыртылған. Олар Отан алдындағы борыштарын өтемес бұрын алдымен «Жағалау күзетіне» қарасты оқу орталығында екі айлық дайындықтан өтеді. Теңізде ұзақ жүру, кемелерді басқару, жауынгерлік кемелерден оқ ату сияқты теңіз сақшысына қажетті әрекеттерді үйренеді. Осылайша, олар аз уақыттың ішінде байланысшы, штурман, аспаз сияқты бірнеше мамандықты меңгеріп шығады. Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Кеңес ауылынан келген Маралбек Бұршақбаев теңізде жүріп, Отан алдындағы борышын өтеуді бала кезден армандапты. Енді ол Каспийдегі ел шекарасын қорғап, браконьерлерді ұстауға асығып жүр. «Мен өз борышымды осы Каспий теңізінде өтейтінімді мақтан тұтамын»,-дейді жас сарбаз. Сарбаздардың жауапты сәтінде бірге болып, қуаныштарымен бөлісу үшін салтанатты ант қабылдау шарасына олардың достары мен ата-аналары да келіпті. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему