«Ақтау» сауда орталығында сатылған азық-түліктің сапасы тексерілді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 07:17
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

«Ақтау» сауда орталығында сатылған азық-түліктің сапасы тексерілді

16 Мая 2014 (04:10) | 1954 | Автор: Редакция

 

Қаладағы ірі супермаркеттен азық-түлік сатып алған облыс орталығының тұрғындарына қалалық тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасының мамандары дүкеннен алып шыққан тағамдарының сапасын тегін тексеріп беруге ұсыныс жасап, акция ұйымдастырды.

     

Аталмыш шара «Әрбір үйге сапалы азық-түлік» деп аталатын айлық аясында өткізілді. Оны ұйымдастырушылар қала тұрғындарының сапалы азық-түлікпен қамтылуын мақсат тұтуда.

 

Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасының мамандары сауда орталығында жедел әрекет етуші зертхананың жұмысын жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама, санитарлық-гигиеналық және микробиологиялық зертхананың экспресс-әдісі арқылы азық-түліктің сапасын анықтау жасалды.

 

Сауда орталығына келген әрбір адам өзі сатып алған тағамның құрамының сапасын анықтау үшін зертханашылардың көмегіне жүгіне алды.

 

 

Қалалық тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасының басшысы Салтанат Өтеева: «Егер азық-түліктің сапасы қойылатын талаптарға сай келмесе немесе оларда микробтардың бары экспресс-әдісі арқылы анықталса, тауар одан әрі тереңірек зертханалық зерттеуге жіберіледі»,-деп мәлімдеді.

 

Зертханашылардың баяндауынша, акцияның басында ұсынылған азық-түліктерден нормадан ауытқу байқалмаған.

 

Акция барысында мамандар сатып алушыларға азық-түліктің сапасына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндірді.

 

Басқарма басшысы Салтанат Қазмолдақызының айтуынша: «Сатып алған кезде әрбір тауарда болуы тиіс ақпаратқа көңіл бөлу қажет: жарамдылық мерзімі, азық-түліктің құрамы, дайындалу уақыты, сақталу мерзімі және т.б. Егер тауар гендік-модификациялық технологияны қолдану арқылы дайындалған болса, бұл туралы ақпарат тауардың этикетка белгісінде болуы тиіс».

 

Сонымен қатар тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің жетекшісі: «Тауардың сапасы күмән туғызған кезде тұтынушының сатушыдан тауардың құжаттарын талап етуге құқысы бар. Сәйкестік сертификаты, тауардың ілеспе мәліметтері және өзге де қажетті құжаттарға дайындаушының (жеткізушінің, сатушының) қолы қойылып, мөрімен куәландырылған болуы қажет»,-деді.

 

 

Акция қала дүкендері мен базарларында ай бойына жалғасады. Айта кететін жайт, 2013 жылғы жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде қаладағы базарларда бірқатар кемшіліктер анықталған. Сол кезде 57 кәсіпкердің қызметіне тексеріс жасалыпты. Олардың нәтижесінде көпшілігі тауардың ілеспе құжаттарының болмауына байланысты жалпы сомасы 629 мың тенге болатын айыппұл төлеу әкімшілік жауапкершілігіне тартылған.

 

Қазір Қазақстанда 2014 жылдың аяғына дейін кіші және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий жарияланған. Бұл туралы Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын.

 

Осы Жарлыққа сай жоспарлы тексерулерге тыйым салынған. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнаманы бұзуға бейім кәсіпкерлер ғана тексерілетін болады. Егер кәсіпкер барлық заң талаптарына сай жұмыс жасайтын болса, оған ешбір тексеруші орган келмеуі тиіс. Сондықтан кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын заңнама және нормативтік құжаттар талаптарын бұзбай әрекет етуді өздеріне басты міндет санап, осыған мүдделі болуы қажет. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему