«Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында «Жүрегіңді аяла» акциясы өтті
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 13:55
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

«Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында «Жүрегіңді аяла» акциясы өтті

13 Мая 2014 (06:12) | 2680 | Автор: Редакция

 

«Ақтау» сауда орталығында «Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне» орай «Жүрегіңді аяла» кең ауқымды шарасы өтті. Аталмыш акцияны Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы, «Ұрпақ Next» жастар ҚҚ, «Диалог Ақтау» ҚБ және «Жас Отан» жастар қанаты бірігіп ұйымдастырды.

     

«Ұрпақ Next» жастар қоғамдық қорының жетекшісі Гүлжанат Мұратбай: «Біздің мақсатымыз-«Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнін» атап өту, жастарымызға ақпарат беру, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру.

 

Сонымен қатар, қауіп-қатер факторларының бірі-шылым шегу екенін ескере отырып, жастар арасында темекі шегуден бас тартуды насихаттау мақсатында «Казфрут» компаниясымен бірлесіп, темекіні жеміс-жидекке айырбастау акциясын ұйымдастырып отырмыз, яғни денсаулыққа байланысты флэш-моб өткізіп, медициналық қызметкерлер: кардиолог-дәрігерлер мен медбикелер сауда орталығына келген ақтаулықтарға тегін қызмет көрсетіп, қан қысымын өлшеу, дәрігерлік кеңестер беру, қан құрамындағы қанттың мөлшерін анықтау, скринингтік тексерулерден өту қажеттігі туралы ақпаратты тарату сияқты жұмыстарды жүргізуде»,-деді.

 

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары сауда орталығына келушілерге денсаулық күтімі туралы ақпараттық-танымдық буклеттерді таратып, артық салмақтан арылу, жүрек-қан тамырлары сырқаттарынан сақтануды насихаттады.

 

 

Сауда орталығына көңіл көтеруге келген жас өрендер көңілді әуен ырғағымен би билеп, шара ұйымдастырушыларының ұсынған спорттық күш сынасу жарыстарына белсене қатысты әрі көптеген жастар өздерінің шылымдарын акция барысында алма, банан, киви сияқты жеміс-жидектерге айырбастады.

 

Кейбір келушілер өз салмақтары мен бойларын өлшетсе, көпшілігі қан қысымын анықтауға тырысып, дәрігер кеңесін алуға асыққаны байқалды.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы: «Бүгінгі таңда жүрек-қан тамырлары ауруларының бүкіл дүние жүзі бойынша кең таралғаны, әрі олардың біздің елімізде де «жасарып» және көбейіп отырғаны жасырын емес.

 

Сол себепті осы сырқаттармен күресу үшін осындай кең көлемді акцияларды еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастыру жөнінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Концепциясы шықты. Соған байланысты бүгінгі шара өткізілуде. Оның негізгі мақсаты-жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алу.

 

 

Бұл сырқаттың пайда болу себептері баршамызға белгілі-әртүрлі қауіп-қатер факторларына байланысты: темекі тарту, адамдардың салмағының артуы, сонымен қатар, аз қимылдау. Сондықтан біз бүгінгі шарағаҚазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен түсірілген бейнероликтерді алып келіп, қала тұрғындарының назарына ұсынудамыз. Бұл акция «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр»,-деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему