Полицейские Актау ищут свидетелей аварии, в которой погиб ребенок
12 Мая 2014 (12:33) | 1939 |
Автор: Редакция
Департамент внутренних дел Мангистауской области разыскивает свидетелей аварии, в которой погиб пятилетний Нур Бексултанов. Трагедия случилась около 47 дома 27 микрорайона 28 января текущего года приблизительно в 16.10 часов.
Выбегая из подъезда мальчик попал под колеса автомашины марки «ЗИЛ – 130» с госномером R408AV, за рулем которой находился двадцатилетний Б. От полученных травм ребенок скончался на месте.
ДВД Мангистауской области просит всех, кто стал свидетелем этих трагических событий обратиться в Департамент, либо же позвонить по номеру: 47-50-27, 47-51-63, сот. 8701-775-74-80.
Айнур Каипова
Полиция қызметкерлері жол апатының куәгерлерін іздейді
Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті, анықтау басқармасының қызметкерлері осы жылдың қаңтар айында Ақтау қаласында тіркелген жол апатының куәгерлерін іздейді.
28 қаңтар күні күндізгі сағат 16.10 шамасында қаладағы 27 шағын ауданда орналасқан 47 үйге қарама-қарсы тас жолда ірі жол көлік оқиғасы болады. 05.02.1993 жылы туылған Б. өзінің басқаруындағы «ЗИЛ – 130» маркалы, мемлекеттік белгісі R408AV автокөлігімен 5 жасар баланы қағып кетеді. Салдарынан 29.09.2008 жылы туылған Бексұлтанов Нұр Дастанұлы ауыр дене жарақаттарын алып, оқиға орнында есін жимастан қайтыс болады.
«Осы қайғылы жағдайға байланысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер я болмаса оқиғаны көзбен көрсеңіздер Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің Анықтау басқармасына хабарласуларыңызды өтінеміз. Біздің байланыс телефондарымыз: 47-50-27, 47-51-63, ұялы телефон: 8701-775-74-80»,-дейді Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасы басшысы, полиция подполковнигі Ү.Оңалбеков.
Бұл ақпарат тергеу амалдарын жүргізу үшін қажет екен. Тексеру, анықтау жұмыстарының дұрыс жүруіне қолұшын беріңіз ағайын!
Мира Ботабекова
Зарегистрируйтесь или войдите в систему