Түрлі ұлттың мәдениетін бір арнаға тоғыстырған байқау
Курс валют в Актау
на 20/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 16:41
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Түрлі ұлттың мәдениетін бір арнаға тоғыстырған байқау

21 Апреля 2014 (06:41) | 27484 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлімшелердің мамандары ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық тағамдар мен түрлі ұлыстардың мәдениеті мен өнерін қастерлеуге арналған «Тайқазан» байқауын ұйымдастырды.

 

Мерекенің басы төтенше жағдайлар саласында ұзақ жылдар бойына қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құрмет көрсету рәсімімен басталды. Зейнеткер деген аттары болмаса, өздері әлі жас көрінетін сала «ардагерлері» Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, полковник Мырзатаев Бейімбет Теміржанұлы, «ӨСжАҚҚ» ММ-нің кезекшілік өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары өртке қарсы қызметінің подполковнигі Кубашев Артур Сабитұлы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызметінің подполковнигі Нуртаева Ботагөз Қуанышбекқызы, «ӨСжАҚҚ» ММ-нің кезекшілік өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары өртке қарсы қызметінің подполковнигі Амирбеков Саям Анварұлына облыстық ТЖ Департаменті басшылығының атынан Алғыс білдіріліп, сый-сыяпат жасалды.

 

 

Қызығы мен қиындығы мол өрт сөндіру қызметінде жүргендеріне қарамастан өнерден де құр алақан еместігін аңғартқан сала мамандарының күшімен дайындалған мерекелік шағын концертте әуелетіп ән шырқаған Оразжанов Шынтай Қуантайұлы мен Жолдыбаева Дариға Жолдыбайқызының өнері көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Концерттен соң «Тайқазан» атты байқау басталды. Өзара жарысқа түскен бес топ ТЖ департаментінің түрлі бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралыпты:

 

Түрік елінен келген «Тұлпар» тобы (Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі, ТЖ жою бөлімі, телекоммуникациялық жүйелер және байланыс бөлімі, Баспасөз қызметі).

 

 

Өзбек ұлтының мәдениетін танытқан «Наурыз» тобы (Азаматтық қорғаныс басқармасы, қаржы бөлімшесі, Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімі), қазақстандық «Дәстүр» тобы (Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мамандары), Түрікменстан елінің мәдениетін насихаттаушы «Шашу» тобы (Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бөлімі), Лезгин ұлтының мәдениетін танытушы «Амал» тобы («ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері) өз халқының ұлтық тағамдарын, оның ұлттық киім үлгісін және өнерін көрсетуге тырысты.

 

Әр халықтың ұлттық тағамдары өзіндік ерекшеліктерімен дараланатыны сөзсіз. Бұл тұрғыдан алғанда әрбір топ бірнеше ас мәзірін даярлап, олардың атауларын атап қана қоймай, сонымен бірге қандай азық-түліктерден, қалай даярланатынын айтып беріп, олардың дәмін татқан әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

 

Ұлттық киім үлгісін көрсетуге келгенде түрік халқы («Тұлпар» тобы) мен Түрікменстан елінің («Шашу» тобы) өкілдері өз олқылықтарын орынды әзіл-қалжың арқылы толтырып, қиыннан жол тауып, шықты. Өзге «Наурыз», «Дәстүр», «Амал» топтары сәнді ұлттық киім үлгісін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар өздері насихаттаған халықтың мәдениетінен толық хабардар ету мақсатымен сол ұлттың тілінде әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, ұлттық аспапта ойнап, кештің ажарын аша түсті.

 

«Амал» тобының орындауындағы «Лезгин» ұлттық биі көрермендерге ұнағаны соншалық, әсем әуенмен би ырғағына қосылып билеушілердің саны артты.

 

 

Қазақ халқының өнерін көрсетуге келгенде «Дәстүр» тобы аянып қалмады: домбырадан күмбірлетіп күй төгіп, қызметкерлердің перзенттері «Қара жорға» биін билеп, кеш қонақтарының қанын қыздырса, мамандардың төл тілімізде әуелете салған әсем әндері жүрек төрінен орын алды. Көздің жауын алардай қызылды-жасылды әдемі ұлттық киімдеріміздің тамаша үлгілері де көпшіліктің көз қуанышына айналды.

 

Қазылар алқасының төрағасы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті басшысының орынбасарыөртке қарсы қызметінің полковнигі Қосбаев Қажымұқан Жарыұлы байқауды қорытындылаған кезде: «Ортақ үйіміз-Қазақстанды мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың тарихы, мәдениеті, дәстүрі, өнері және ұлттық тағамдарын танытқан бүгінгідей байқаудың қорытындысын жариялауға келгенде алдымен айтарымыз-қазақ елінің ынтымағы жарасқан, біртұтас, берекелі халқының бірлігі жасай берсін. Еліміз аман болып, келешегіміз жарқын болсын.

 

 

Ал енді байқау нәтижесі мынадай-ұпай сандарын есептей келе: ІІІ орынға-«Наурыз» тобы лайық деп танылды, ал ІІ-орынды «Амал» тобы иеленсе, І-орынды ең көп ұпай жинаған «Дәстүр» тобы жеңіп алды. «Тұлпар» және «Шашу» топтарына Алғыс жарияланады»,-деді.

 

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты түрлі бөлімшелерде оннан аса ұлттың өкілдері қызмет етеді, солардың көпшілігі мемлекеттік тілде өз ана тілінде сөйлегенмен бірдей, сайрап тұр десек, артық айтпағанымыз болар. Ынтымағы жарасқан көпұлтты ұжымның айрандай ұйыған татулығы өзгелерге де жұғысты болып, үлгі аларлықтай игі дәстүр екені сөзсіз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему