Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызмткерлері сенбілікке шықты
14 Апреля 2014 (07:18) | 2970
|
Автор: Редакция

Ақтау қаласында сенбі сайын жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де атсалысты.
Жұмыс кабинеттері мен үйреншікті еңбек дағдыларын сыпыртқы мен күректерге алмастырған мамандар "Тазалық-денсаулық кепілі" деген халық даналығын басшылыққа алып, 3-шағынауданда орналасқан медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана алдына жиылды. Бұл жерде абаттандандыру жұмыстарын жүргізген орталық қызметкерлері жатақхана айналасындағы теректердің түптерін қопсытып, әктеп, жаңа ағаштар мен дала гүлдерін екті.
Бірінші талды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисен өз қолымен отырғызды.
Сенбілікке облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұжымы түгелдей белсене қатысты. Аймақ тұрғындарына өз өмірлері мен денсаулықтары үшін ең алдымен әрбір адамның өзі жауапты екенін насихаттауға, түсіндіруге бар жігерлерін арнап жүрген Орталық қызметкерлері тазалық орнату жұмыстарына келгенде де аянып қалмады.
Сенбілік барысында жатақхана айналасына 20 түп ағаш егіліп, әдемі дала гүлдерінің дәндері себілді. Арада біраз уақыт өткен соң дәрігерлер баспанасының аумағы гүлге оранып, талдар көктеп, айнала құлпыра түсері анық. "Жұмыла көтерген жүк-жеңіл" деп бекер айтылмаса керек.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



