Ақтауда «Байқаңыздар-бағдаршам!» рейдтік шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 20/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 12:41
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтауда «Байқаңыздар-бағдаршам!» рейдтік шарасы өтті

10 Апреля 2014 (13:49) | 1847 | Автор: Редакция

 

Облыс орталығы тұрғындарының көпшілігі жол ережелерін сақтау туралы ешбір ойланбайтын сияқты. Бізді бұлай ойлауға бүгінгі облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (СӨСҚПО) және Ақтау қаласы Әкімшілік полиция Басқармасы қызметкерлері бірігіп ұйымдастырған, қала автожолдарында жүргізілген рейд кезінде көргеніміз мәжбүрлеген еді.

 

Қала тұрғындары өздерінің асығыстығын сылтау етіп жолдың кез-келген жерінен кесіп өтіп жатты. «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» мен «Алатау» сауда орталығының ортасындағы автожолдан бірнеше адам рұқсат етілмеген жерден өтті. Оларды тоқтатып, ескерту жасаған, әкімшілік-құқық бұзушылық хаттамасын толтырған әкімшілік полиция басқармасының қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігі бөлімшесінің қызметкерлеріне қарсы уәж айтып, өздерінің әрекеттерінің дұрыс емес екенін білсе де, айтысып баққан жаяу жүргіншілер де кездесті.

 

Ақтау қаласы Әкімшілік полиция басқармасы бөлімі басшысының орынбасары полиция капитаны Махмутов Нұржан Оразұлы: «Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында Ақтау қаласы Әкімшілік полиция басқармасы бөлімі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және өзге де қызметтермен бірігіп «Абайлаңыз-бағдаршам!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып жатыр. Осы айлық аясында үш кезеңде: «Жүргізуші-жаяу жүргінші» (1-10 сәуір), «Сіздің жолаушы-бала» (11-21 сәуір) және «Сау жүргізуші» (21-30 сәуір) акция шаралары өтеді. Бұл акцияларды өткізудегі басты мақсатымыз-профилактикалық шараларды күшейту, барлық жолда жүруге қатысы бар адамдардың жол ережелерін сақтауын қадағалау және қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту.

 

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 сәуірге дейінгі аралықта Ақтауда 49 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды. Оларда 3 адам қайтыс болып, 55 жолаушы жарақат алған. Ал былтырғы 2013 жылдың осы кезеңінде 61 жол-көлік апаты болып, олардан 4 адам көз жұмып, 69 адам жарақаттанғанын ескерсек, биылғы жылдың осы кезеңінде ЖКО-19,7%-ға азайғаны, жарақаттанушылар саны-20,3%-ға азайғаны, ал өлім-жітім саны 25,0%-ға азайғаны байқалады»,-деді.

 

 

«Ардагер» сауда орталығы мен ботаникалық бақ арасындағы үлкен автожолды да кез-келген жерден кесіп өтушілер қарасы да біршама болды. Оларды тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлеріне жолаушылар асығыстықтарын айтып ақталумен қатар, жолдан өтуге рұқсат ететін жолақтар арасы неге жиі болмайды деген шағымдарын да білдіріп жатты. Сорақылығы сол өз балалары мен немерелеріне ақыл айтып, кеңес беретін зейнет жасындағы әжелердің де біразы жолдан тыйым салынған жерден өтіп, тіпті кейбірі немересін жетектеп алғанымен қоймай, өздерінің ұрпағына қате үлгі көрсеткенін де ар санамайтыны қынжылтты.

 

Ақтау қаласы Әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Әліпбаев Айбек Захарұлы «Бүгінгі рейд барысында ӘҚБ Кодексінің 473 бабы бойынша 10 шақты адамға әкімшілік-құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, жазаға тартылды, яғни, олардың әрқайсына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 9 260 теңге айыппұл салынды.Жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілер өздерінің асығыстығын, жаяу жүргішілерге арналған жолақтардың жиі болуын қалайтынын айтып, шағымдануда. Оларға айтарымыз-ондай жаяу жүргіншілерге арналған өту белгілері кез-келген жерге салына бермейді. Оларды орнатудың да өзіндік талаптары мен ережелері бар. Сондықтан жолдан өту ережелерін қатаң сақтау-әркімнің міндеті екенін ескерген абзал. Өйтпегенде айыппұл төлеп, заң жолымен жаза тартуға тура келеді»,-деп қала тұрғындарына ескертті.

 

Әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге рейдті ұйымдастырған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері қала тұрғындарына жол ережелерін қатаң сақтау, әркімнің өз өмірі мен денсаулығы үшін бірінші кезекте өзі жауапты екенін ескерткен ақпараттық-ағартушылық буклеттерді таратып, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Осындай шаралардан қала тұрғындары сабақ алып, өз жауапкершіліктерін арттыра түссе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Себебі, «Сақтансаң-сақтайды» деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек-ті, ағайын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему