Балалардың қауіпсіздігі-ортақ міндетіміз
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 15:40
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Балалардың қауіпсіздігі-ортақ міндетіміз

5 Апреля 2014 (04:29) | 9936 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық «Дарын» мектеп-интернатында «Балалардың қауіпсіздігі-біздің міндетіміз» атты жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу мәселесі жөнінде семинар өтті. Аталмыш шараны Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы ұйымдастырды. Жиынға мектеп оқушылары, мектеп ұстаздары, оқушылардың ата-аналары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Шараны ұйымдастырушылар мектеп оқушылары, педагогтар мен ата-аналар арасында жол-қозғалысы ережесін қатаң сақтауды насихаттау, жол-көлік және тұрмыстық жарақаттардың алдын алу мақсатын көздеді.

 

Семинар жұмысын бастаған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Амангүл Джайлханова мектеп оқушылары мен ұстаздарға арнап өткізіліп отырған шараның маңызы жайлы айтып, республика бойынша 1-30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттардың алдын алу жөнінде айлық өткізіле бастағаны туралы хабардар етті. Жиынға арнайы шақыртылған №1 Ақтау қалалық емханасының травматолог-дәрігері Шамшадинов Нұрғали Кемаладинұлы: «Бүкілдүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қан айналымы жүйесі мен онкологиялық ауруларынан кейінгі үшінші орынды жол-көлік оқиғаларының салдарынан болғанөлім-жітім және жарақаттар алады екен. Біздің еліміз бойынша жол-көлік оқиғалары соңғы кезде мүлдем көбейіп кетті. Жол қауіпсіздігін сақтау үшін әркім өзінен бастауы тиіс. Жолда жүру мәдениетін сақтауды оқушылар арасында қалыптастыруға бірінші кезекте ұстаздар, тәрбиешілер мен ата-аналар жауапты десек те, қарапайым жол ережелерін сақтауды үйренуге балалар, сіздер өздеріңіз де тырысуыңыз қажет. Жолда жүргенде абай болып жүру керек. Ақтау қаласында жылына 250-300-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алады екен, солардың көпшілігі балалардың қатысуымен болатыны анық.

 

Соңғы 2 жылда Ақтауда балалардың осындай жолмен жарақат алуы өте жиілеп кетті. Сондықтан да балалар ауруханасында балалар травматология бөлімі ашылып отыр, бұрын ондай бөлім болмаушы еді. Мұндай жағдай жарақат алған баланың отбасы үшін трагедия, әрі операция кейде сәтсіз аяқталып, балалар мүгедектік жағдайға душар болып жатады. Сондықтан біздің, медициналық қызметкерлерінің, сізден сұрайтынынымыз-жолда абай болып, жаяу жүргінші өтетін жолақтардан өтіп, бағдаршамның жарығына мән беріп, үнемі жолда жүру ережелерін қатаң сақтасаңыздар, балалар»,-дей келе оқушыларға тұрмыста кездесетін жарақаттану (электр құрылғыларынан, өткір нәрселерден) кезінде жедел жәрдем шақырту сияқты көмек беруге дайын болуды ескертті.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Амангүл Әбдіғалиқызы оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндірілген ақпараттық буклеттерді көрсетіп, олардың мазмұнымен танысып, отбасы мүшелеріне де айта жүруге кеңес берді.

 

Шараға қатысқан облыстық ІІ Департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыру және басқару бөлімінің қызметкері полиция лейтенанты Биалиева Гауһар Оразғалиқызы мектеп оқушыларына арнаған сөзінде: «Облыс бойынша балалардың қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соңғы мәлімет бойынша 4 бала қайтыс болып, 18 жасөспірім дене жарақатын алған. Өткен жылы осы мерзіммен салыстырғанда қаза болғандар саны-33, яғни оқиғалар саны арта түскен. Бұл алаңдатарлық жағдай.

 

Ақтау қаласында 7 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның 5-уі балаларды көлік қағуымен қатысты болған»,-дей келе балалардың қатысуымен болған бірнеше қайғылы жол-көлік оқиғасын мысал ретінде келтіре отырып, балаларға жолда жүру ережелерін мұқият сақтауға, жолдан өткенде арнайы орындардан өтіп, көлікке отырғанда сақтандыру белдіктерін тағуды ұмытпауға кеңес берді.

 

Оқушылар шараға қатысушы мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Балалардың белсенді болғаны соншалық, бірі денсаулыққа қатысты мәселелер айтылған кезде дұрыс тамақтану туралы өз пікірін білдіріп, мектепте асхана мәселесі шешілмегенін айтып сұрақ қойса, енді бірі мектеп алдындағы үлкен жолда осыдан 2 жыл бұрын оқушы қызды көлік қаққанын айтып, неліктен әлі күнге дейін жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқ екені туралы полиция қызметкеріне сұрақ қойды. Мамандар балалардың сауалдары орынды екенін айтып, олар жөнінде құзырлы орындар алдында мәселе қойылатынына уәде етті.

 

Осыдан соң оқушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын-алу туралы видеофильм көрсетілді. Бейнефильмнен кейін облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Амангүл Джайлханова Маңғыстау облыстық «Дарын» мектеп-интернатының директоры Рысты Нұрбосыноваға аталмыш фильмнің дискісін сыйлады. Мектеп директоры шараны ұйымдастырушыларға ұжым мен оқушылар атынан алғыс білдірді. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему