Мәртебелі марапат
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Мәртебелі марапат

25 Марта 2014 (11:33) | 3613 | Автор: Редакция

 

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын тек қазақ халқы ғана емес бүкіл Шығыс елі ежелден атап келгенінен барша жұрт хабардар. Осынау ұлық мерекені халықаралық дәрежеде атап өту бауырлас Түркия елінде өтті. Кең көлемде ұйымдастырылған шараның өтуіне беделді ұйымдардың бірі-Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым-ТҮРКСОЙ мұрындық болды. Осынау көлемді жиын аясында түркі елдерінің тарихы, мәдениеті мен өнері, салт-дәстүрлерінің кең көлемде таралуына, дәріптелуіне өз үлесін қосып жүрген қаламгерлерге үлкен құрмет көрсетіліп, аталмыш ұйымның мәртебелі марапаты табысталды. Осындай жоғары марапатқа біздің жерлесіміз, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Наталья Задерецкая да ие болды.

 

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым-қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз емес. Түркі өнері-түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.

 

Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі-Түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым-ТҮРКСОЙ. Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас.

 

1993 жылы Алматыда құрылған ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Түркия секілді тәуелсіз алты елмен қатар Ресей Федерациясынан Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Тыва, Хакасия, Саха-Якутия, сондай-ақ Молдавияның құрамында жатқан Гагауыз Йері және Солтүстік Кипр Түрік республикасы мүше. Осы 14 елдің министрлерінен тұратын Тұрақты Кеңес жылына екі рет бас қосып, ТҮРКСОЙ жұмысының негізгі бағыттарын белгілеп отырады. Қазақстан ТҮРКСОЙ ұйымының ең белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында 2008 жылдың мамыр айында ТҮРКСОЙ Бас хатшылығына қазақстандық белгілі мәдениет қайраткері Дүйсен Қасейінов сайланып, ұйымға Қазақстан төрағалық ете бастады.

 

 

Ұйымға мүше елдердің өкілдері арнайы келіп өнер көрсетіп, әрқайсы өз халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін паш етуді көздеген Наурыз мейрамы түрік елінің Эскишехир деп аталатын көне әрі әсем қаласында ұйымдастырылды. Мерекені тойлауға арналған салтанатты жиында түркі әлемі елдерінің мәдениетін, тарихын, салтын, өнерін өзге халықтар арасында танытуға өзіндік үлесін қосып жүрген қалам иелері ТҮРКСОЙ ұйымының мәртебелі марапаты және Алғыс хатымен марапатталды. Жоғары құрметке ие болған 3 қазақстандық журналистің бірі біздің ақтаулық Наталья Задерецкая екені көңілге қуаныш ұялатты. Түрі өзге болса да, тілегі-бір, тілі өзге болса да, жүрегі-бір Наталья Юрийқызы сияқты қаламгердің қазақ халқының, әсіресе киелі Маңғыстау өңірінің тарихын, мәдениетін, салтын өзге ұлт өкілдеріне танытуда еңбегі зор десек артық айтпағанымыз болар. Оның қаламынан шыққан «Отчий край», «Мангистау-край преданий и легенд», «Маңғыстаудың қарашаңырағы-Түпқараған» сияқты кітаптары соның айғағы болса, қазақ елінің халықаралық дәрежеде туысқан елдермен қарым-қатынасы, ешкімді жатсынбайтын кең пейілді, дархан көңілді халқымыздың қонақжайлылығы, бауырмалдығын танытатын еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына ұйытып отырған «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің 20 жылдық мерейтойына орай жазылған «Достық шаңырағы астындағы Маңғыстау» кітабы және Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының ежелден келе жатқан өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы, туысқан екі елдің ортақ тарихы, мәдениеті, дәстүрі, өзара бауырлас қос халықтың бір-біріне деген ықылас-пейілін суреттеуге арналған «Қос халық-бір тағдыр» атты туындылары ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының басшыларының назарына ілікті.

 

Осы еңбектері үшін Наталья Задерецкая күні кеше Түркия елінде өткен үлкен шараға арнайы шақырту алып, жоғары марапатқа ие болып, елге қуанышпен оралды. Әріптесіміздің бұл жетістігі, әрине, біздің аймақ үшін де зор мәртебе екені сөзсіз. Беделді халықаралық ұйымының дәл осындай марапаты Наурыз мерекесі басталған алғашқы күндерінде АҚШ президенті Барак Обамаға табысталғанын ескерсек, бұл марапаттың мәртебесі қандай жоғары екені өз-өзінен-ақ түсінікті болары сөзсіз.

 

 

Наталья Юрийқызының қазақ елін мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасқан бірлігін айшықтаған шығармашылық туындылары әртүрлі халық өкілдерінің ортақ отанына айналған Қазақстанға деген үлкен махаббаты мен қазақ халқына деген зор құрметін білдіруге арналған. Автордың «Достық шаңырағы астындағы Маңғыстау» кітабында «Салават» башқұрт ЭМО-ның төрағасы Урал Азнабаев: «Қазақстан-бұл менің азамат болып қалыптасқан жерім. Өз елімнің алдында мен өз тағдырымдағы жетістіктерім, өз шығармашылық әлеуетімді жүзеге асыру бақыты үшін өмір бойы қарыздармын», -десе, «Булгар» татар ЭМБ-нің төрағасы Фандаль Сахибгареев «Қазақтардың тарихи Отанында алуан түрлі халықтардың, мәдениеттердің және түрлі діндердің бір мемлекетте қатар өмір сүруінің үлкен және теңдессіз тәжірибесі қалыптасқан. Бұл тәжірибе біздің бірлігіміздің түп тамырын анықтап, тарихтан сабақ алып, өз болашағымызды анық бағдарлауға мүмкіндік туғызады», - деген пікірін білдірген.

 

«Біз ортақ тарихи тағдыры біріктірген Қазақстан халқы, қазақтың байырғы жерінде мемлекеттілікті қалыптастыра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және келісім мұраттарына берік, бейбіт өмірге құштар азаматтық қоғам ретінде сезінеміз»,- деп ағынан жарылады Түрікмен ЭМБ-нің төрағасы Гельдымурат Ходжаев.

 

Ел мұратын биік ұстап, қазақ халқының мәртебесін асқақтату жолында талмай еңбектеніп жүрген әріптесіміз Наталья Юрийқызының жетістігіне шын көңілден қуана отырып, қаламы қарымды болып, шығармашылықтың асқақ шыңдарын бағындыра беруіне тілек қосамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему