ХҚКО келушілерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мерекелік дастарханнан дәм ұсынды
22 Марта 2014 (10:50) | 3813 |
Автор: Редакция
Мереке қарсаңында «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келген тұрғындарды орталық қызмткерлері жайдары жүзбен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мерекелік дастарханнан дәм ұсынып қарсы алды. Бұған біреулер таң қалса, енді біреулері ризашылығын білдіріп жатты.
Ақтау қаласының тұрғыны, зейнеткер-ана Өмірзақова Қаным: «Мен-көп балалы, зейнеткер анамын. Ақтау қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» басшылығына, онда жұмыс жасап жүрген менің балаларымдай қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Олай дейтінім, өткен 8-наурыз «Халықаралық әйелдер мерекесі» күні бір-екі құжат керек болып, орталыққа барсам, алдымнан гүл шоқтарын ұсынып балаларым күтіп тұр екен. Қуанышымда шек болмады. Керек қағаздарымды тез арада дайындап, тағы да мерекемен құттықтап шығарып салды.
Сондықтан мен де оларға есе қайтаруым керек-ау, осы балаларды өзім барып көрісіп, бір құттықтап қайтайын деп оны-мұны, тәтті-құттымды алып ХҚКО-на келдім. Келсем бұл мың жасағырлар тағы елді құттықтап ұланасыр той қылып жатыр екен. Ішке кіре бергенім сол еді, маған шұбат пен бауырсақ, құрт, наурыз көже ұсынып, дастарханнан дәм татуға шақырды.
Одан сайын қуанған мен, арнайы бүкіл жиналғандарды төл мерекеміз Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтап, ХҚКО-дағы қызметкер балалар мен қыздарға «Әрдайым да халыққа осылай жылдам, әрі сапалы қызмет көрсетіп, осындай игі шараларды жиі ұйымдастырып елімізді қуантып жүре беріңіздер!-деп алғысымды айттым»,-деді ағынан жарыла.
Бұл шара тек қана Ақтаудағы ХҚКО-да ғана емес бүкіл облыс бойынша өткізілді. 21 наурыз күні Ақшұқырдың жолындағы Мамандандырылған ХҚКО-да 12 қанат ақшаңқан үй тігіліп, мал сойылып, қазан асылып, концерттік шаралар ұйымдастырылды. Барлық аудандардан келген ХҚКО бөлімдерінің қызметкерлері арасында қазақша күрес, гир көтеру, арқан тарту, қол күресі сияқты жарыстар өткізілді. Барлық қатысам деушілерге есік ашық болып, мерекені тамашалауға келген халық ақ дастарханнан дәм татты.
«Жүректері елім, ұлтым, отаным деп соққан осындай ұл қыздарымыз барда, Еліміз-тыныш, жұртымыз-аман болып, біз сияқты зейнеткер ата-әжелердің уайым-қайғысы болмай әрдайым мәз-майрам болып жүре беретін шығармыз»,-деді зейнеткер-ана Қаным Өмірзақова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему