Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді

8 Апреля 2020 (13:19) | 6802 | Автор: Нурганым Имашева

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 8 сәуірінде Жаңаөзен қалалық ауруханасының провизорлық бөлімінде күдікті бір науқаста COVID-19 анықталды.

 

 

Науқас 1974 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны, ол дене қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. Қан талдамалары алынып, індеттің белгілері анықталды.

 

Науқасқа қажетті зертханалық және диагностикалық тексерістер жүргізілген соң, инфекциялық бөлімінің бокс палатасына  ауыстырылды.

 

Дәрігер-мамандар (инфекционист, реаниматолог, терапевт) материалдық техникалық құралдары және  жеке қорғаныш құралдарымен толыққанды қамтылды.

 

Қазір инфекция анықталған ошаққа және оның аумағына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Байланыста болғандар санын анықтау бойынша эпидемиологиялық тексерістер мен іс шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастың қайда жұмыс істегені, кімдермен байланыста болғаны зерделенуде.

 

Жаңаөзен қаласы бойынша бүгінгі таңда карантиндік стационарда –9 азамат, үй карантинінде - 23азамат бақылауда.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының ақпараттық қызметі хабарлайды.

 

Сурет редакция архивінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему