Цифровизация и справедливость — главные ориентиры в работе органов государственных доходов
10 Ноября 2026 (14:23) | 1
|
Автор: Редакция
Интервью с руководителем Департамента государственных доходов по Мангистауской области Арманом Нурлановичем Ахметкалиевым
Расскажите об основных результатах работы Департамента государственных доходов по Мангистауской области за 9 месяцев 2026 года.
А.Н. Ахметкалиев: По состоянию на 1 октября 2026 года план поступлений в республиканский бюджет за 9 месяцев исполнен на 100,4%: при плане 308 299,2 млн тенге фактически поступило 309 646,0 млн тенге. Темп роста к аналогичному периоду прошлого года составил 118,7%. Это положительный результат, особенно с учётом того, что доведённый план по области имел темп роста 140,2% при общереспубликанском показателе 130,6 %.
Отдельно отмечу сильные позиции по таможенным поступлениям и работе с прочей экономикой (темп 119,9%). По дополнительным резервам план выполнен на 102,7% — обеспечено поступление 12 560,7 млн тенге.
Какие направления оказались наиболее результативными?
А.Н. Ахметкалиев: Наиболее высокие показатели достигнуты по таможенному администрированию и дополнительным резервам, в том числе за счёт камерального мониторинга. По линии камерального контроля эффективность отработки уведомлений составила 60% при поставленной задаче не менее 56%.
Есть устойчивый рост по ряду направлений, включая регистрацию плательщиков НДС (за 9 месяцев поставлено на учёт 1 544 налогоплательщика — в 2,3 раза больше, чем годом ранее). Также отмечу снижение недоимки: с 7 094,0 млн тенге на 1 июля до 5 679,8 млн тенге на 1 октября — снижение на 1 414,2 млн тенге, или 20%.
Какие ключевые трансформации происходят в работе органов государственных доходов и как они соотносятся с задачами, поставленными Президентом в Послании?
А.Н. Ахметкалиев: Мы последовательно переходим от модели жёсткого контроля к партнёрской модели взаимодействия с бизнесом — «подскажи и поддержи». Это полностью соответствует курсу, обозначенному Главой государства: налоговая система должна быть понятной, справедливой и не создавать излишней нагрузки на добросовестных предпринимателей.
Ключевой инструмент — цифровизация. За 9 месяцев оказано 545 671 государственная услуга, из них 99,9% — в электронном виде, нарушений сроков по вине должностных лиц не зафиксировано. Активно применяются камеральный контроль, риск-ориентированный подход, системы управления рисками, электронные сервисы (кабинет налогоплательщика, мобильные приложения). Это позволяет минимизировать количество проверок, отрабатывать отклонения в проактивном режиме и повышать собираемость.
В Послании Президента «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле»прямо поставлена задача тотальной цифровизации, применения искусственного интеллекта для повышения собираемости налогов, сокращения теневой экономики и снижения коррупционных рисков. Мы эти задачи реализуем на практике: расширяем аналитику, автоматизацию и прозрачность. Также продолжаем работу по устранению противоречий нового Налогового кодекса и созданию комфортных условий для бизнеса.
Какие ключевые задачи стоят перед Департаментом до конца текущего года и в ближайший период?
А.Н. Ахметкалиев: Приоритеты следующие:
- дальнейшее повышение качества налогового и таможенного администрирования с акцентом на цифровые инструменты и ИИ;
- продолжение снижения недоимки и работа с крупными должниками;
- реализация задач Послания Президента по справедливому налогообложению, поддержке добросовестного бизнеса и сокращению теневого оборота;
- завершение года с максимально возможным исполнением плановых показателей;
- совершенствование сервисов для налогоплательщиков и укрепление доверия.
Все поставленные задачи будут выполнены. Мы открыты к диалогу с бизнесом и населением.
15 ноября отмечается День финансиста и День национальной валюты. Что бы вы хотели сказать в преддверии профессионального праздника?
А.Н. Ахметкалиев: 15 ноября — особая дата для всей финансовой системы страны. Это и День национальной валюты — тенге, и профессиональный праздник финансистов.
От имени коллектива Департамента государственных доходов по Мангистауской области сердечно поздравляю всех работников системы государственных доходов, финансовых и налоговых органов, наших коллег и ветеранов отрасли с этим праздником!
Особую благодарность выражаю сотрудникам Департамента и территориальных управлений за высокий профессионализм, ответственность и ежедневный труд. Именно благодаря вашей работе обеспечиваются стабильные поступления в бюджет, развивается цифровая трансформация, снижаются административные барьеры для бизнеса и укрепляется финансовая устойчивость региона.
Поздравляю также предпринимателей и налогоплательщиков Мангистауской области. Ваш вклад в экономику региона, добросовестное исполнение налоговых обязательств и конструктивный диалог с органами государственных доходов являются основой развития области.
Желаю всем крепкого здоровья, профессиональных успехов, стабильности, благополучия и уверенности в завтрашнем дне. Пусть наша совместная работа и дальше способствует укреплению экономики Мангистау и всего Казахстана, а финансовые достижения работают на благо каждого жителя региона.
Цифрландыру және әділдік — мемлекеттік кірістер органдары жұмысының басты бағдарлары
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Арман Нұрланұлы Ахметқалиевпен сұхбат
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылдың 9 айындағы негізгі жұмыс нәтижелері туралы айтып берсеңіз.
А.Н. Ахметқалиев: 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджетке түсімдер жоспары 9 айда 100,4%-ға орындалды: жоспар 308 299,2 млн теңге болса, іс жүзінде 309 646,0 млн теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 118,7%-ды құрады. Бұл оң нәтиже, әсіресе облысқа жеткізілген жоспардың өсу қарқыны 140,2%-ды құраса, жалпыреспубликалық көрсеткіш 130,6%-ды құрағанын ескерсек.
Жеке атап өтер болсам, кедендік түсімдер мен өзге экономика бойынша да күшті позициялар бар (өсу қарқыны 119,9%). Қосымша резервтер бойынша жоспар 102,7%-ға орындалды — 12 560,7 млн теңге түсім қамтамасыз етілді.
Ең нәтижелі бағыттар қандай болды?
А.Н. Ахметқалиев: Ең жоғары көрсеткіштер кедендік әкімшілендіру және қосымша резервтер бойынша, оның ішінде камералдық мониторинг есебінен қол жеткізілді. Камералдық бақылау желісі бойынша хабарламаларды пысықтау тиімділігі 60%-ды құрады (қойылған міндет — кемінде 56%).
Бірқатар бағыттар бойынша тұрақты өсу байқалады, оның ішінде ҚҚС төлеушілерін тіркеу (9 айда 1 544 салық төлеуші есепке қойылды — өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп). Сондай-ақ берешек төмендегенін атап өтемін: 1 шілдедегі 7 094,0 млн теңгеден 1 қазандағы 5 679,8 млн теңгеге дейін — 1 414,2 млн теңгеге немесе 20%-ға азайды.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында қандай негізгі өзгерістер болып жатыр және олар Президенттің Жолдауында қойылған міндеттермен қалай үйлеседі?
А.Н. Ахметқалиев: Біз қатаң бақылау моделінен бизнеспен серіктестік қарым-қатынас моделіне — «ұсын және қолда» принципіне дәйекті түрде көшіп келеміз. Бұл Мемлекет басшысы белгілеген бағытқа толық сәйкес келеді: салық жүйесі түсінікті, әділ болуы және адал кәсіпкерлерге артық жүктеме тудырмауы тиіс.
Негізгі құрал — цифрландыру. 9 айда 545 671 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,9%-ы электронды түрде, лауазымды тұлғалардың кінәсінен мерзімдердің бұзылуы тіркелмеді. Камералдық бақылау, тәуекелге бағдарланған тәсіл, тәуекелдерді басқару жүйелері, электронды сервистер (салық төлеушінің кабинеті, мобильді қосымшалар) белсенді қолданылады. Бұл тексерулер санын азайтуға, ауытқуларды проактивті режимде пысықтауға және жинаушылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында толық цифрландыру, салық жинаушылығын арттыру, көлеңкелі экономиканы қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жасанды интеллектті қолдану міндеті тікелей қойылған. Біз бұл міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырып жатырмыз: аналитиканы, автоматтандыруды және ашықтықты кеңейтеміз. Сондай-ақ жаңа Салық кодексіндегі қарама-қайшылықтарды жою және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Ағымдағы жылдың соңына дейін және жақын кезеңде Департаменттің алдында қандай негізгі міндеттер тұр?
А.Н. Ахметқалиев: Басымдықтар мыналар:
- цифрлық құралдар мен жасанды интеллектке баса назар аудара отырып, салық және кедендік әкімшілендіру сапасын одан әрі арттыру;
- берешекті төмендетуді жалғастыру және ірі борышкерлермен жұмыс;
- Президент Жолдауындағы әділ салық салу, адал бизнесті қолдау және көлеңкелі айналымды қысқарту міндеттерін жүзеге асыру;
- жылды жоспарлы көрсеткіштерді барынша толық орындаумен аяқтау;
- салық төлеушілерге арналған сервистерді жетілдіру және сенімді нығайту.
Қойылған барлық міндеттер орындалады. Біз бизнеспен және халықпен диалогқа ашықпыз.
15 қарашада Қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында не айтқыңыз келеді?
А.Н. Ахметқалиев: 15 қараша — еліміздің бүкіл қаржы жүйесі үшін ерекше күн. Бұл әрі ұлттық валюта — теңгенің күні, әрі қаржыгерлердің кәсіби мерекесі.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы атынан Мемлекеттік кірістер жүйесінің барлық қызметкерлерін, қаржы және салық органдарының қызметкерлерін, әріптестеріміз бен сала ардагерлерін осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Департамент пен аумақтық басқармалар қызметкерлеріне жоғары кәсібилік, жауапкершілік және күнделікті еңбек үшін ерекше алғыс білдіремін. Бюджетке тұрақты түсімдер қамтамасыз етіліп, цифрлық трансформация дамып, бизнес үшін әкімшілік кедергілер азайып, өңірдің қаржылық тұрақтылығы нығайып отырғаны сіздердің еңбектеріңіздің арқасында.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен салық төлеушілерін де құттықтаймын. Өңір экономикасына қосқан үлесіңіз, салық міндеттемелерін адал орындауыңыз және мемлекеттік кірістер органдарымен конструктивті диалогыңыз облыстың дамуының негізі болып табылады.
Баршаңызға зор денсаулық, кәсіби табыстар, тұрақтылық, амандық және ертеңгі күнге сенім тілеймін. Біздің бірлескен жұмысымыз Маңғыстау мен бүкіл Қазақстан экономикасын одан әрі нығайтуға ықпал етсін, ал қаржылық жетістіктер өңірдің әрбір тұрғынының игілігіне қызмет етсін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



