Порядок признания юридического лица банкротом в Республике Казахстан
22 Октября 2026 (15:37) | 1
|
Автор: Редакция
Департамент государственных доходов по Мангистауской области информирует, что признание юридического лица банкротом регулируется Законом Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 176-V «О реабилитации и банкротстве» (далее — Закон) с учётом последующих изменений и дополнений. Закон устанавливает основания, порядок возбуждения дела, судебного рассмотрения и последствия признания должника банкротом с возбуждением процедуры банкротства.
Дела о банкротстве юридических лиц рассматриваются специализированными межрайонными экономическими судами в порядке, установленном Гражданским процессуальным кодексом Республики Казахстан, с особенностями, предусмотренными Законом (ст. 3 Закона).
1. Способы установления банкротства (статья 4 Закона)
Банкротство устанавливается:
- добровольно — на основании заявления самого должника в суд;
- принудительно — на основании заявления кредиторов или иных уполномоченных Законом лиц.
В случаях, предусмотренных Законом, должник обязан обратиться в суд с заявлением о признании его банкротом. Если в отношении юридического лица принято решение о ликвидации (п. 1 ст. 49 Гражданского кодекса РК), а стоимости его имущества недостаточно для удовлетворения требований кредиторов, ликвидационная комиссия обязана обратиться в суд о признании такого лица банкротом.
Основанием для объявления должника банкротом в судебном порядке является его несостоятельность. Несостоятельность устанавливается судом с учётом заключения о финансовой устойчивости, составленного в соответствии со статьёй 49 Закона.
2. Основания для обращения в суд (статья 5 Закона)
Для должника основанием является устойчивая неплатёжеспособность. Неплатёжеспособность считается устойчивой, если обязательства должника превышают стоимость его имущества:
- на дату подачи заявления в суд;
- на начало года, в котором подано заявление;
- а если заявление подано в первом квартале календарного года — также на начало года, предшествующего году подачи заявления.
Для кредитора основанием является неисполненное денежное обязательство должника перед кредитором на основании вступившего в законную силу судебного акта или исполнительного документа о взыскании денег либо признание долга должником.
Для кредитора по налогам и таможенным платежам основанием является непогашение должником суммы налоговой задолженности, а также задолженности по таможенным платежам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам и процентам после принятия всех мер принудительного взыскания в порядке, определённом налоговым и таможенным законодательством Республики Казахстан.
3. Порядок обращения должника в суд (статьи 40–42 Закона)
Должник обращается в суд на основании решения органа юридического лица, уполномоченного учредительными документами, либо собственника имущества (уполномоченного им органа), учредителя (участника).
Заявление подаётся в письменной форме или в форме электронного документа и подписывается руководителем должника (либо лицом, его заменяющим). В заявлении указываются:
- наименование суда;
- обоснование невозможности удовлетворить требования кредиторов;
- сведения об имуществе (включая обременённое залогом, находящееся в аренде/лизинге), денежных средствах на банковских счетах, дебиторах;
- сведения об обязательствах, срок исполнения которых не наступил;
- информация о лице, с которым заключено соглашение об осуществлении полномочий временного управляющего;
- перечень прилагаемых документов.
К заявлению прилагаются, в частности:
- документ об уплате государственной пошлины;
- документы, подтверждающие устойчивую неплатёжеспособность;
- решение органа/собственника, являющееся основанием обращения;
- финансовая отчётность на соответствующие даты и перечень кредиторов и дебиторов;
- копии учредительных документов;
- копия соглашения с лицом, имеющим право осуществлять деятельность администратора (временного управляющего);
- иные документы, предусмотренные статьёй 42 Закона.
Одновременно с подачей заявления в суд должник направляет копии заявления и документов в уполномоченный орган.
4. Возбуждение и рассмотрение дела (статья 38 Закона)
Производство по делу о банкротстве возбуждается на основании заявления должника, кредитора (кредиторов) при наличии оснований, предусмотренных статьёй 5 Закона, прокурора (в случаях, предусмотренных статьёй 47 Закона) или реабилитационного управляющего (в случаях, предусмотренных пунктом 2 статьи 83 Закона).
Дело считается возбуждённым с даты вынесения судом определения о принятии заявления к производству. Заявление должника или реабилитационного управляющего не может быть отозвано без соответствующего решения суда. Заявления кредиторов и прокурора могут быть отозваны до принятия решения о признании должника банкротом.
5. Решение суда о признании банкротом (статья 56 Закона)
Решение о признании должника банкротом и его ликвидации с возбуждением процедуры банкротства принимается судом с учётом заключения временного управляющего о финансовой устойчивости должника.
В решении суда указываются:
- ликвидация должника с возбуждением процедуры банкротства;
- переход права управления должником к временному управляющему;
- сумма заявленных требований кредиторов, обратившихся в суд до вынесения решения;
- сроки передачи должностными лицами банкрота временному управляющему учредительных документов, печатей, штампов, учётной документации, правоустанавливающих документов и материальных ценностей;
- снятие всех ограничений и обременений на имущество банкрота.
Временный управляющий в срок не позднее двух рабочих дней направляет в уполномоченный орган объявление о признании должника банкротом (на казахском и русском языках) для размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа.
Дальнейшие этапы и последствия
После признания банкротом вводится процедура банкротства, в ходе которой формируется имущественная масса, проводится её реализация, удовлетворяются требования кредиторов в установленной очерёдности (главы 6–7 Закона). По завершении расчётов с кредиторами и выполнении иных условий ликвидация банкрота считается завершённой после внесения соответствующей записи в государственные регистры юридических лиц (статья 112 Закона).
Важно. Ответственность за преднамеренное банкротство предусмотрена статьёй 6 Закона. При применении законодательства рекомендуется учитывать разъяснения, содержащиеся в нормативном постановлении Верховного Суда Республики Казахстан от 2 ноября 2023 года «О некоторых вопросах применения судами законодательства о реабилитации и банкротстве юридических лиц и индивидуальных предпринимателей».
Для физических лиц (граждан, не зарегистрированных в качестве индивидуальных предпринимателей) действует отдельный Закон Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 178-VII «О восстановлении платёжеспособности и банкротстве граждан Республики Казахстан», предусматривающий внесудебное и судебное банкротство, а также процедуру восстановления платёжеспособности.
Фото: Magnific.com
Қазақстан Республикасында заңды тұлғаны банкрот деп тану тәртібі
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңды тұлғаны банкрот деп тану Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен (бұдан әрі — Заң) реттелетінін хабарлайды. Заң борышкерді банкрот деп танудың негіздерін, іс қозғау тәртібін, сот қарауын және банкроттық рәсімін қозғай отырып таратудың салдарын белгілейді.
Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралады (Заңның 3-бабы).
1. Банкроттықты белгілеу тәсілдері (Заңның 4-бабы)
Банкроттық мынадай тәсілдермен белгіленеді:
- ерікті түрде — борышкердің өзінің сотқа берген өтініші негізінде;
- мәжбүрлі түрде — кредиторлардың немесе Заңмен уәкілеттік берілген өзге де тұлғалардың өтініші негізінде.
Заңда көзделген жағдайларда борышкер өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті. Егер заңды тұлғаға қатысты тарату туралы шешім қабылданса (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 1-тармағы), ал оның мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы мұндай тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.
Борышкерді сот тәртібімен банкрот деп жариялауға негіз оның дәрменсіздігі болып табылады. Дәрменсіздікті сот Заңның 49-бабына сәйкес жасалған қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны ескере отырып белгілейді.
2. Сотқа жүгіну негіздері (Заңның 5-бабы)
Борышкер үшін негіз — орнықты төлем қабілетсіздігі. Төлем қабілетсіздігі орнықты болып саналады, егер борышкердің міндеттемелері оның мүлкінің құнынан асып кетсе:
- сотқа өтініш берілген күнге;
- өтініш берілген жылдың басына;
- егер өтініш күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берілсе — өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басына да.
Кредитор үшін негіз — заңды күшіне енген сот актісі немесе ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы.
Салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор үшін негіз — Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары және пайыздар бойынша берешекті өтемеуі.
3. Борышкердің сотқа жүгіну тәртібі (Заңның 40–42-баптары)
Борышкер сотқа құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының немесе мүлік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшының (қатысушының) шешімі негізінде жүгінеді.
Өтініш жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында беріледі және борышкердің басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) қол қояды. Өтініште мыналар көрсетіледі:
- соттың атауы;
- кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздемесі;
- мүлік туралы мәліметтер (кепілмен қамтамасыз етілген, жалға/лизингте тұрған мүлікті қоса алғанда), банктік шоттардағы ақша қаражаты, дебиторлар;
- орындау мерзімі басталмаған міндеттемелер туралы мәліметтер;
- уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған тұлға туралы ақпарат;
- қоса берілетін құжаттардың тізбесі.
Өтінішке, атап айтқанда, мыналар қоса беріледі:
- мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
- орнықты төлем қабілетсіздігін растайтын құжаттар;
- жүгінуге негіз болған органның/меншік иесінің шешімі;
- тиісті күндерге қаржылық есептілік және кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі;
- құрылтай құжаттарының көшірмелері;
- әкімші (уақытша басқарушы) қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғамен жасалған келісімнің көшірмесі;
- Заңның 42-бабында көзделген өзге де құжаттар.
Сотқа өтініш берумен бір мезгілде борышкер өтініш пен құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.
4. Істі қозғау және қарау (Заңның 38-бабы)
Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде борышкердің, кредитордың (кредиторлардың) өтініші, прокурордың (Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда) немесе оңалтуды басқарушының (Заңның 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда) өтініші негізінде қозғалады.
Іс соттың өтінішті іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымын шығарған күннен бастап қозғалған болып есептеледі. Борышкердің немесе оңалтуды басқарушының өтініші соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарылмайды. Кредиторлар мен прокурордың өтініштері борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін кері қайтарылуы мүмкін.
5. Соттың банкрот деп тану туралы шешімі (Заңның 56-бабы)
Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешімді сот уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып қабылдайды.
Сот шешімінде мыналар көрсетіледі:
- банкроттық рәсімін қозғай отырып борышкерді тарату;
- борышкерді басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі;
- шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы;
- банкроттың лауазымды тұлғаларының уақытша басқарушыға құрылтай құжаттарын, мөрлерді, мөртаңбаларды, есепке алу құжаттамасын, құқық белгілейтін құжаттар мен материалдық құндылықтарды беру мерзімдері;
- банкроттың мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды алып тастау.
Уақытша басқарушы екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыруды (қазақ және орыс тілдерінде) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Келесі кезеңдер мен салдарлар
Банкрот деп танылғаннан кейін банкроттық рәсімі енгізіледі, оның барысында мүліктік масса қалыптастырылады, оны өткізу жүзеге асырылады, кредиторлардың талаптары белгіленген кезектілікпен қанағаттандырылады (Заңның 6–7-тараулары). Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан және өзге де шарттар орындалғаннан кейін банкротты тарату заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімдеріне тиісті жазба енгізілгеннен кейін аяқталған болып есептеледі (Заңның 112-бабы).
Маңызды. Әдейі банкроттық үшін жауаптылық Заңның 6-бабында көзделген. Заңнаманы қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы «Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және банкроттық туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында қамтылған түсіндірмелерді ескеру ұсынылады.
Жеке тұлғаларға (дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтарға) қатысты Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қолданылады, ол соттан тыс және соттық банкроттықты, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін көздейді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



