Маңғыстауда өңірлік кадр резервіне іріктеу 1 наурызда басталады
Курс валют в Актау
на 26/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
26 Декабря, 15:35
Вход |Регистрация
Главное » Важные новости

Маңғыстауда өңірлік кадр резервіне іріктеу 1 наурызда басталады

2 Февраля 2024 (15:41) | 876 | Автор: Редакция

Бүгін 1 ақпанда қоғамдық коммуникациялар орталығының алаңшасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов пен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Амангелді Хаирмұхаммедұлы Халмұрадовтың қатысуымен өңірлік резервке іріктеу мәселесі бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің аппарат басшысы А.Халмұрадов резервке іріктеудің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, өңір жастарын іріктеуге белсенді қатысуға шақырды. Тоқтамыс Қадошұлы өз кезегінде іріктеу мерзімдері (1-31 наурыз), іріктеуге қатысушы азаматтарға қойылатын талаптар (жасы 35-тен аспаған, үш жыл еңбек өтілі, жоғары білімі бар Қазақстан азаматы), құжат қабылдауға арналған арнайы https://onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасы, іріктеу кезеңдері, ассессмент процедурасы және басқа да қажетті ақпаратты журналистердің назарына жеткізді.

Спикердің айтуынша жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді облыстың Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Өңірлік резерв бойынша толығырақ ақпаратты 8/7292/30-36-43, 30-36-44 телефондары арқылы аумақтық департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасынан алуларыңызға

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему