Қарақия ауданының теңіз жағалауында судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары басталды.
14 Июня 2019 (07:24) | 2406 | Автор: Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
2019 жылдың маусым айының 13 күні Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Құрық жедел құтқару жасағының қызметкерлері Құрық ауылындағы теңіз жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Балалар үшін ең қызықты кезең – бұл жаз. Нақты осы кезеңде кәмелетке жетпегендердің бос уақытын және демалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең өзекті мәселелерге айналады. Дәл осы кезең ата-аналар аса қырағылықты таныту керек. Ата-аналардың жұмыста болуына байланысты көптеген жағдайда, күні бойы балалар өз-өздеріне қалады, ал бұл жекелеген жағдайда жазатайым оқиғаларға алып келеді.
Осыған байланысты Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Құрық жедел құтқару жасағының қызметкерлері азаматтармен және балалармен шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері, адам өмірі мен денсаулығына қауіптілігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, іс-жүзінде көрсетіп, суда жүзуге үйретті. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 300 дана жадынама таратылды.
Сондай-ақ мамандар пайдалануға берілмеген жағажайларда шомылуға болмайтындығын ескертті, себебі тексеруден өтпеген жағажайлар көптеген қауіптерді жасырады. Құтқару посттарының белгілерінің болмауы, тазаланбаған түбі, жағалаудың аумағындағы қоқыстар - осының барлығы демалысты бұзып ғана қоймай, қайғылы зардаптарға алып келуі мүмкін. Құтқарушылардың бақылауында болмауы да қазаға әкеп соқтыруы мүмкін, себебі, қауіпті жағдай орын алған кезде ешкім кәсіби көмек көрсете алмайды. Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, жабдықталмаған және қорғалмайтын су айдындарында шомылу, жүзе білмеу, мас күйде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері болып табылады. Қарапайым жүріс-тұрыс және судағы қауіпсіздік ережелерін біліп, сақтасақ судағы барлық жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.
Фото автордан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему