Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
8 Июня 2019 (14:51) | 2998 | Автор: Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Автокөліктегі өрттер өткіншілерге және көлік жүргізушілер мен жолаушыларға үлкен қауіп төнгізеді. Электр құралдарға және салонның синтетикалық қаптамасына толы көлік өрт кезінде көп улы газдар бөліп, өрттің көбеюіне әкеледі.
Автокөліктегі өрттердің алдын-алу мақсатында Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Жетібай ауылының №11 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе «Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлер автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрт сөндіргіш құралын қалай қолдану тәсілін көрсетті. Автокөлік жүргізушілеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескертті. Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техникалық жай-күйін бақылап отыруы қажет екендігін түсіндірді.
Сонымен қатар қызметкерлер жүргізушілерге көлікте өрт болған жағдайда қандай шара қолдану керектігін айтып, төтенше жағдай орын алғанда «101», «112» нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертті және де жүргізушілерге автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты.
Фото автордан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему