«ОСС» мекемесіндегі сұмдық!!!
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 17:30
Вход |Регистрация
Главное » Народные новости

«ОСС» мекемесіндегі сұмдық!!!

1 Июня 2016 (14:24) | 6177 | Автор: Әділдік адам

«ОСС» мекемесіндегі сұмдық!!!

 

Дегенмен, «билік адамды құртады» деп атам қазақ бекер айтпаған. Оның үстіне қаржыны иемдену билігі қарастырылса, бұл құбылыс анық байқалады.

Кәсіподақтың бастықсымақтары оған толықтай дәлел болуда.

Демек, қазіргі таңда аймақтағы айтарлықтай кәсіподақ өкілінің бірі Амин Елеусиновті жоғарыда айтылғандарға мысал ретінде  байланыстыруға болады. 

Амин, кәсіподақтың кассасына қол жеткізгеннен кейін, бірінші кезекте өз жұмысын жақсы атқаруға тырысып келді. Жұмысшылардың құқығын қорғап, еңбек жағдайын жақсартты. Алайда, қарапайым адами кемшіліктер өзінің көлеңке бейнесін көрсетіп бастады.

Жұмысшылардың сеніміне әбден кіріп болған соң, Амин өз мүддесіне жұмыс жасауға көшті, нақты айтқанда, қалтасын толтыруды көздеді.

Жұмысшылардың көпшілігі кәсіподақ ықтырмасының арғы бетінде, яғни ұйымның ішкі ісінен хабарсыз болуы керек, себебі бұл жайттар тек ең жақын дегендер - басқарма мүшелеріне мәлім болар.

Жуырда, осы мүшелердің ықпалымен, Амин кәсіподақ қаржысы есебінен өз басына жеке пәтер сатып алу мәселесін шешіп алды. Мұндай сұмдық шешім кәсіподақ жұмысының тарихында болған емес. Бұған қоса ескі шағын аудандарда орналасқан 1 не 2 бөлмелік пәтер емес, аталмыш қожайын жаңадан салынып жатқан үйлерден, көлемі жүз метр шаршы шамасындағы 3 бөлмелі пәтерді иеленді. Сөзсіз, бірінші кезек, пәтердің құжаттарын өз атына тіркеп алды. Кім біліпті, алдағы уақытта жұмысшылар оны алып тастауға шешім қабылдап қалса, әйтеуір бас пайдасына пәтер қалады.

Бұның бәріне көз жұма салуға болады, егер кәсіподақ төрағалығына қайта сайлану құрметіне түрлі сыйақымен қаржыланатын болса, бұған қоса, мәңгүрт «мүшеліктері» өздерінің қожайынына, яғни секта көшбасшысына пәтер алып беруге де дауыс беруді аямаған.

Бірақ, ол біз ойлағандай емес. Жуырда білгенімдей, жаңадан сатып алынған пәтердің алаңында, Амин жасырын түрде тағы 2-бөлмелі пәтер сатып алған. Тұжырым жасап қарасам, сол сорлы жұмысшылардың қаржысы есебінен.

Әділдік үшін жүрген біздің күрескеріміздің шынайы бейнесі осындай...

Әттең, мұның бәрін айтып отырғанда жұмысшыларымызға обал, олар өздерінің бастықсымағына сенім артып қойғанда, ол көп қалмағанын біліп, кетуге дайындалып жүргендей.

Мен, алдағы уақытта да кейіпкеріміздің жасырын іс-әрекеттерін ақтарамын және өзімнің оқырмандарымды хабардар етіп отырамын...   

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Бекзат, 22 Июня 2016 (16:35)
0 0
Әрине бұл жағдай сұмдық. Елімізде қаншама жемқорлық болып жатыр. Біреулер пайдасын, ал біреулер кері әсерін көріп жатыр. Толықтай дәлелденген оқиғама?
Дуйсен, 22 Июня 2016 (11:58)
0 0
Биздин жумысшылар жуас болып тургой егер Аминнин осындай жемкорлыгына жол берилип отырса...кузырлы кукык коргау органдары кайда карап отыр..?
Курык, 22 Июня 2016 (09:48)
0 0
Осыдан 2 ай бурын естип едим Нурбектен, сенбедим Аминнин сондай арамдык ниети бар екенин... енди козим жетти рас болганына.. Абеке тоятын уакытын болды акшаны максатты жуиса жумысшыларга..
Серик, 21 Июня 2016 (19:34)
0 0
Ооо каска Амин журген жерден шоп шыкпады... озин Турктердин динин оки тура КАЗАКтарды алдайын дегенин бе...?! Карапайым жумысшылардын сенимине кирип алып акша жегенин СУМДЫК екен... али де кеш емес иманынды жондеп полицияга барып шындыкты айт
Наурыз, 21 Июня 2016 (18:02)
0 0
Ең алдымен бұл ақпарат шындықпа? Шындық болса бұны қарайтын адамдар барғо. Бұл сұмдық. Әрине жемқорлықты қолдамаймын.
Тима, 9 Июня 2016 (18:41)
2 0
Дəлел бар ма? Неге орнынан алып тастамайсыңдар? Кəсіподақ есебі қайда? Бірінші дəлелдеу керек. Сосын сотқа жүгіну керек
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему