Ақтаулық жасөспірімдер Венгрияда жеңімпаз атанды
27 Апреля 2015 (12:05) | 1623 | Автор: Нұрганым Имашева
Ашихара-каратэден Венгряда өткен ашық Евразия Кубогында 25 сәуірде ақтаулық жасөспірімдер жеңімпаздар қатарынан көрінді.
6-7 жастағы балғындар арасында жеңіс тұғырына көтерілген Зуенко Дамир бірінші орынды жеңіп алып алтын медальдың иесі атанса, 8-9 жастағы спортшылар арасынан үздік танылған Ержан Зейнур да бірінші орынға арналған Кубокты иемденіп, кеудесіне алтын медальды жарқырата тақты.
Ал 10-11 жастағы жасөспірімдер арасында жақсы дайындығымен көзге түскен Руденко Никита екінші орынға тұрақтап, күміс медальдің иесі атанды.
Байрақты бәсекеде жеңімпаздар қатарынан көрініп, ел намысын қорғаған балғындардың жеңісі құтты болсын дей отырып, келешекте де алар асуларыңыз көп болсын деген тілек айтамыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему