Маңғыстаулық спортшы таеквондо GTF спорт түрінен ел чемпионы атанды
4 Мая 2023 (13:03) | 2670 |
Автор: Редакция
Маңғыстаулық спортшы таеквондо GTF спорт түрінен ҚР чемпионы атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
28-30 сәуірде Қызылорда қаласында таеквондо-GTF спорт түрінен жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Үш күн бойы үш доянгта массоги бөлімінде 26 салмақ дәрежесінде 520 спортшы және Хенг бөлімінде 12 спортшы бақ сынады. Спортшылар еліміздің 13 облысынан және 3 қаласынан жиналды.
Маңғыстаулық спортшылар ел біріншілігінде 5 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда 15-17 жас аралығында Аян Кемаладин 76+ келіде ҚР чемпионы атанса, Рахымжан Мизамбаев 76 келіде 2-орын, Рустем Жумажан 70 келіде 3-орын иеленді. Ал, 18 жастан жоғары ересектер арасында Тауекел Алипбаев 82+ келіде және Сәттіғұл Абитов 82 келіде жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ел біріншілігінде командалық есепте 1-орынды Ақтөбе облысы, 2-орынды Қызылорда облысы 3-орынды Атырау облысы және Астана қаласы командасы иеленді.
Маңғыстауда қазіргі таңда таеквондо GTF спорт түрімен 700-жуық спортшы шұғылданады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему