Ақтау қаласының прокурорлары ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 19:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының прокурорлары ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті

16 Февраля 2015 (11:28) | 1601 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Жұма күні Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Узденбаев Өтеген ақсақалдың үйіне арнайы келіп, қан майданда Отанын жаудан қорғап, келер ұрпақтың бақытты болашағы үшін күрескен майдангерді алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен қызу құттықтап, құрмет көрсетті.

 

Прокурорлар соғыс ардагеріне әлеуметтік көмек ұйымдастырып, азық-түлік жиынтығын, тоңазытқыш және термопот сынды

тұрмыста қажетті бұйымдарды сыйлады.

 

 

Сонымен қатар, прокуратура мамандарының ұйымдастыруымен майдангер-қарияға медицина қызметкерлерінің көмегі көрсетіліп, кардиолог-дәрігер ақсақалдың үйіне келіп, қан қысымын өлшеп, денсаулығын тексерді.

 

Ұжымды бастап келген Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев соғыс ардагеріне құрмет көрсете отырып, Отан үшін, болашақ ұрпақтың бақытты өмірі үшін жасаған ерлігіне зор алғысын білдіріп, майдангерге-денсаулық, отбасына-амандық тіледі.

 

Өзіне көрсетілген құрметке разы болған Өтеген ата қуаныштан көзіне жас алып, прокуратура қызметкерлеріне ризашылығын

білдірді.

 

 

Бүгінгі алаңсыз өміріміз үшін әрқайсымыз осы Өтеген ақсақал сынды ардагерлердің алдында мәңгі қарыздар екенімізді ұмытпай, тек мерекеде немесе мерейтойлы жылдарда ғана емес, күнделікті өмірде қатары күннен-күнге сиреп бара жатқан майдангерлерге қолымыздан келгенше көмек етуді әдетке айналдырсақ, артық болмасы анық.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему