Yessenov University докторы: ғылым кемел келешекке жетелейді
12 Апреля 2023 (17:16) | 1888 | Автор: Редакция
12 сәуір- Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Бүгінгі таңда отандық ғылымды дамытуға, оның ішінде жас ғалымдарды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі жүзеге асырылуда. Бұл ғылым саласының ілгерлеуіне, зияткер жастарды ынталандыруға оң ықпал етті.
Сондай талантты жастың бірі Ләйлім Тайжанова - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған «Жас ғалым» жобасы бойынша конкурсқа қатысып, «Экология» саласы бойынша грант иеленген, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Қазіргі таңда ол жоғарыда аталған грант бойынша «Битум зауытының ағынды суларын тазартуға арналған гелиоқондырғыны әзірлеу» тақырыбында ғылыми жобасын тәжірибе жүзінде сынап көруде. Қысқа уақыт ішінде бірқатар жұмыстарды атқарып, Scopus дерекқорындағы «Journal of Ecological Engineering» журналына «Intensification of the Wastewater Treatment Process of a Bitumen Plant with the Production of Recycled Water» тақырыбында мақала жариялап үлгерді.
Ләйлім Тайжанова бүгінде зерттеу жұмысы аясында физикалық-химиялық талдаулар мен тәжірибелік сынақтарды жүргізіп жатыр. Ләйлім бала жасынан ғылымға құштарлығы зор екендігін айтады.
-Бала күнімнен оқуды, тереңнен түйсінуді, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жақсы көремін. Қазіргі таңда ғылым жолында жүргеніме қуанамын. Кез-келген елдің қарыштап дамуында ғылым мен білімнің орны орасан зор, - дейді Ләйлім Тайжанова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему