Маңғыстау облысы денсаулықсақтау саласы 2015 жылға арналған міндеттерін айқындады
27 Января 2015 (09:36) | 2933 | Автор: Нұрганым Имашева
Облыстық денсаулықсақтау басқармасының мәжіліс залында Маңғыстау облысы әкімінің орыбасары Б.Нұрғазиеваның қатысуымен 2014 жылдың қорытындысы жасалып, биылғы 2015 жылға белгіленген міндеттерді жариялауға арналған кеңес өтті. Мәжіліске емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшылары-бас дәрігерлер қатысты.
Жиынға қатысушыларға былтырғы жылдың қорытындысын жариялап, осы жылға арналған жоспарлармен таныстырған Маңғыстау облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаев, 2014 жылғы аймақтың денсаулықсақтау саласының қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.
2015 жылға арналған міндеттерді атаған сала жетекшісі олардың 2 бағытта жүргізілетінін: I бағыт-медициналық қызмет сапасын арттыру;
IІ бағыт-дәрігер мамандарының жетіспеу мәселесін шешу, медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамту екенін қадап айтты.
Облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев: «Биылғы жылға жоспарланған міндеттерді шешу жолдары:
I бағыт бойынша: ішкі аудит Қызметі мамандарын оқыту, симмуляциялық-тренингтік орталықты ашу, Маңғыстау облысында Ұлттық медициналық холдинг Күнін өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау;
II бағыт бойынша-денсаулық сақтау саласы мамандарының қызметте тұрақтап қалуын тұрғын үймен, әлеуметтік пакеттермен қамту арқылы қамтамасыз ету;
-жас түлектерді тарту бойынша еліміздің медициналық ЖОО-мен белсенді түрде шарттар жасасу;
-Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінен аса қажетті мамандарды тарту;
-қолдағы бар медицина мамандарын ұстап қалу, сонымен қатар жас мамандарды кіші қалалар мен ауылдық жерлерге тарту;
-Ақтау қаласы әкімшілігімен бюджет саласының қызметкерлеріне арналған 500 орындық жатақханадан дәрігерлерге орын бөлу туралы жұмысты жүргізу;
-«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкімен» 10 қызметтік пәтер бөлінуімен медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы туралы келісім жасасу;
-«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы аясында 120 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы үшін жер телімін бөлу;
-«МАЭК» ЕКО бұрынғы ғимаратын медицина қызметкерлеріне арналған жатақханаға беру;
-3 шағынауданнан (бұрынғы Қан Орталығы ғимараты) 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы үшін жер телімін бөлу»-деп мәлімдеді.
Аймақтың денсаулықсақтау саласының 2014 жылғы қол жеткізген жетістіктері туралы ақпаратты газетіміздің бейсенбі күнгі кезекті санынан оқи аласыздар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему