Түпқарағандық тұрғын автокөлік құрылғыларын жасап шығарумен айналысады
4 Ноября 2021 (13:28) | 1452 |
Автор: Редакция
Түпқараған ауданының тұрғыны Қадір Елеусін «Mercedes», «BMW» маркалы автокөліктерге бампер жасап шығарумен айналысады. Бұл туралы ауданының баспасөз қызметі хабарлады.
Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» жобасына қатысып, 5 000 000 тг. көлемінде қайтарымсыз грант ұтқан. Нәтижесінде цех ашып, берілген қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.
«Біз «Mercedes», «BMW» маркалы автокөліктерге бампер жасап шығарумен айналысамыз. Цехтың ашылғанына шамамен 3 ай болды. Тапсырыс аз емес. Алдағы уақытта бастаған істі дамыту мақсатында заманауи техникалар мен станоктар аламыз», - деді Қадір Елеусін.
Айта кетейік, биыл аталған бағдарлама аясында Түпқараған ауданының тағы бір тұрғыны қайтарымсыз грант ұтып алды. Оған мемлекет тарапынан 4 млн. теңгеден астам қаражат берілген. Жас кәсіпкер шағын ысталған балық цехын жасау жұмыстарын үйлестіруді бастап кетті.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему