Балаларды қорғау күні Құрық ауылында
20 Мая 2021 (16:06) | 2280 | Автор: Редакция
Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен «1 маусым – Балалар қорғау күніне» атап өтуіне байланысты Құрық селосында орналасқан «Құлыншақ» балабақшасында Ашық есік күні өткізілді.
Жазғы демалыстың бастылуына байланысты балаларға суға шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау мақсатында, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін кездесу ұйымдастырылды. Кездесу облыстық «Нуршуақ» балабақшасының ашық алаңында өткізіліп, әр жастағы тәрбиеленушілері қатысты.
Балаларға суға шомылу кезінде арнайы орындардың шегінен аспауға, жарақаттанғанда немесе оқыс оқиға орын алғанда тез арада үлкендерге ескертуге, көмекке шақыруға және т.б. қауіпсіздік шараларын сақталуы түсіндірілді. Сонымен қатар су жағалауында от жағып ойнауға болмайтындығын, өрт қауіпсіздік шараларын әрдайым сақтап жүрулері де қатаң ескертілді. Түсіндірме жұмыстары аяқталған соң мектеп интернат алаңында өрт сөндіру техниксы мен судан құтқару техникалары сонымен қатар құрал жабдықтары қоса таныстырылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему