Жаңаөзенде «балақай» оңалту орталығы ашылады
4 Марта 2021 (15:04) | 2933 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы пайдалануға беріледі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Өзенмұнайгаз» мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық жасап ай сайынғы жалақысынан қаржы бөлуінің арқасында балаларды оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы облыстың қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілген оңалту орталығында сәулелі терапия, магнит, ультрадыбыстық аппарат түрлері қамтылған 11 арнайы кабинет бар. Мұнда арнайы білім бар мамандар жұмысқа істейді.
Өткен жылы «Мұнайшы қамқоры» және «Samruk-Kazynа Trust» дамыту қоры қайырымдылық жасау бағытында екіжақты келісім-шартқа қол қойған. Нәтижесінде оңалту орталығын құрал-жабдықпен қамтып, білікті мамандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туды.
Енді Нұр-Сұлтан қаласына қатынап жүрген бүлдіршіндер Жаңаөзендегі орталықта ем-дом алуға мүмкіндік туды.
«Баламның 3 жасында аутизм бар екенін білдік. Барлық елге барып келдік. Өз жерімізде болғаны әрине жақсы. Енді осы жерге келіп қаралатын боламыз. Пайдасы бар, баламен көп жұмыстану керек. Әлі де көп мамандар керек»,-деді Фариза Шортанова.
«Қуанышты хабар естіп жатырмыз. Оңалту орталығы ашылып жатыр екен. Рахмет, алғысым шексіз. Балам туылғалы сал ауры бар топта. Қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен "ӨзенМұнайгаз" АҚ үлкен рахмет. Астанадағы оңалту орталығына барып келдік. Балам ештеңені білмейтін, ештеңге де мән бермейтін еді. Осында жақсы мамандар келсе, жақсы жұмыстар атқарылып, балдарға көмегі тисе деген үміттемін»,-деді Бекжан Чалаев.
Жаңаөзенде психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек қимыл аппараты бұзылған, сал ауруымен ауыратын 1032 бала тіркелген.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему