Ақтауда 68 аялдама жаңартылады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 68 аялдама жаңартылады

11 Сентября 2020 (10:31) | 2831 | Автор: Нурганым Имашева

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтауда 103 аялдаманы күтіп ұстау мақсатында жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның 72-сі түрлі түске сырланып, боялды. Бұл туралы Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев мәлім етті. Оның айтуынша, алдағы уақытта 68 аялдама жаңартылып, жабдықталады деп жоспарланған.

 

 

- Жалпы орталық көшелердегі аялдамаларды толықтай жабдықтау мақсатында «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі арқылы сауда-саттыққа (аукцион) шығарылды. Аталған сауда-саттық биыл 24 дана аялдаманың жер учаскелері жеке кәсіпкерлерге берілді.

Нәтижесінде заманауи үлгіде 4 аялдама (лайтбокс) және 3 аялдама мобильді павильонмен орнатылды. Олар 11 шағынаудан 38 үйдің алды, 11 шағынаудан «Жас Дәурен» мейрамханасының алды, 7 шағынаудан «Мәңгілік Алау» монументі, 27 шағынаудан 72 үйдің арты және басқа да жерлерге орнатылды.

Шаһарда тағы осындай (лайтбокс, мобильді павильонмен) 12 аялдама қойылады. Жаңа аялдамаларда жарнамаға арналған стенд, қоқыс контейнерлері мен орындықтарды қоюға орын қарастырылған. Сондай-ақ, 5 ескі аялдама толықтай бұзылып, жаңасы орнатылады, - деді Жетібай Құбашев.

Ақтау қаласы бойынша барлығы 194 аялдама бар. Оның 82-сі толықтай жабдықталған (қоршалған, отырғышы бар, қоқыс жәшігі қойылған), ал 44-і мобильді павильонмен орналасқан аялдама.

- Сонымен қатар, аялдамаларды жабдықтау мақсатында «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі тарапынан ағымдағы жылы 20 дана аялдаманы жабдықтау бойынша бюджеттен қаражат сұратылды.

Болашақта бюджеттен қаражат бөлінуіне орай аялдамалар кезең-кезеңімен жабдықталады. Бірінші кезекте халық көп шоғырланатын аумақ аялдамалары жабдықталатын болады. Бір аялдаманың құны жобамен 3-3,5 млн. теңгені құрайды, - деді бөлім басшысы.

 

 

 

 

 

Сурет Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему