Маңғыстаулық самбошылар бас жүлдені иеленді
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 16:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар бас жүлдені иеленді

11 Ноября 2014 (04:27) | 2568 | Автор: Redactor

 

Жуырда Орал қаласында 1997-1998 жылғы туылған жастар арасында тек Батыс Қазақстан емес,бар қазақ елінің мақтан тұтар ұлы Самбо күресінен Әлем Чемпионы Асқар Шайхиевты еске түсіруге арналған Халықаралық турнир болып өтті. Аталмыш дүбірлі додаға Ресей, Армения, Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан мемлекеттерімен қаар еліміздің әраймағынан келген 500-ге жуық спортшы қатысты.

 

Халықаралық жарыстан Маңғыстау облысының құрамасы алғаш рет самбо бойынша Бас жүлдені иеленіп, облыс қоржынына 3 алтын медальді салды. Самбодан аймақтың бас бапкері Манарбек Бисекеновтың шәкірттері Аманбек Құлқаев, Нұрболат Сенғалиұлы, Сұңғат Жұбатхан алтыннан алқа тағып, өлкенің намысын абыроймен қорғады.

 

Самбодан облыстың бас бапкері Манарбек Бисекенов: «Әрбір бапкер үшін шәкірттерінің үмітті ақтап, биік белесті бағындырғаны.-үлкен мәртебе. Мұндай самбо тарихында тұңғыш рет командалық есепте Бас жүлдені иеленіп отырмыз. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Шамам келгенше, жастарды спортқа тартып, облыстың намысын республикалық, Халықаралық жарыстарда қорғауға еңбектеніп жүрмін.

Самбомен айналысуға бел буған жастарды «Жастар спорт» кешенінде жаңадан ашылған секцияға шақырамын. Ал жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен облыстық самбо күресінің Федерациясына алғысымды білдіремін»,-дейді Самбодан облыстың бас бапкері Манарбек Бисекенов.

 

Халықаралық деңгейдегі Біріншілікті ұйымдастыру барысында бапкерлер жас самбошылардың тәжірибесін молайтып, шеберліктерін шыңдауды мақсат тұтыпты.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жерлестеріміз Бас жүлдені иеленсе, І, ІІ және ІІІ орындарды Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының самбошылары өзара бөлісті.

 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен қатар, «Спорт шебері» атағын иеленді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему