Маңғыстауда карантин кезіндегі қолға алынған шаралар мен атқарылған жұмыстар
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 10:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда карантин кезіндегі қолға алынған шаралар мен атқарылған жұмыстар

27 Мая 2020 (10:14) | 1800 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл жөнінде қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

 

 

-Баршаңызға мәлім, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында төтенше жағдай режимінің тоқтатылғандығы жөнінде хабарланды.

 

Алайда, ел аумағында төтенше жағдай режимі аяқталғанымен ахуалға байланысты Маңғыстау облысында карантин режимі мен шектеу шаралары жалғасуда.

 

Сонымен бірге, өңірдегі аудан, қалалардағы эпидемологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары жүргізіліп келеді. Кешеден бастап бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат берілді.

 

Бұл жеңілдету шаралары індеттің жойылғандығын білдірмейді. Халықтың, тұрғындардың денсаулығына әлі де қауіп бар. Сондықтан, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Өздеріңіздің, жақындарыңыздың денсаулығы ең алдымен, өзіңізге байланысты және оны барлығы жауапкершілікпен сезінуі керек.

 

Бірақ, енгізілген шектеу шараларына салғырттық танытып, санитарлық талаптарды орындамай жүрген азаматтар да бар. Бұндай азаматтарға тиісті әкімшілік шара алынуы тиіс.

 

Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу ауданында да карантин режимі толығымен алынған жоқ. Қазіргі таңда, бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысына рұқсат беріліп, кейбір шектеулерге өзгерістер енгізілгенімен, індетке қарсы шаралар қатаң сақталуы міндетті,-деді С.Трұмов.

 

Сурет қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему