Тілден асқан байлық жоқ
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 18:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тілден асқан байлық жоқ

19 Мая 2020 (15:10) | 3667 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық сотының төрағасы м.а. Едіге Берекетұлы Бегенов өзінің мемлекеттік тілдің мәртебесіне арналған мақаласын осылай атапты.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек-делінген.

 

Тіл байлығы - әрбір елдің, ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл қазына. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы - отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш, ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл ана тілінің қадір қасиетін арттыра түсері даусыз.

 

Қоғамның барлық салаларында ана тіліміздің өз мәртебесіне лайық орын алуы-мемлекеттік мәні бар маңызды мәселе. Қазақстанда тіл саясаты сатылап жүргізіліп, көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Отандастарымыздың барлығы дерлік ана тіліміздің жанданып, ортақ қолданысқа енгізілуі мен гүлденуі үшін бар жанын салуы керек. Сондықтан, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізудің талап етілуі, қазақ тілін білуі мен оған қамқорлық жасау ықпалдары артып отыр.

 

 

Тіл - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл тағдыры тарихтың талай парақтарын ақтарып, өмірдің талай сынынан өткені ақиқат.

 

Өз тілінде сөйлемегенің - еліңді қастерлемегенің дегенмен пара-пар екенін ұмытпауымыз керек.

 

Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан қазақ тілін қажет тілге айналдыруға деген талап жоғары.

 

Аудандық соттарда да тіл туралы заңды құрметтеп оны жетілдіру жұмысы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Жылдан жылға мемлекеттік тілде құжаттарды рәсімдеу, сот өндірісіндегі істерді мемлекеттік тілде қарау пайызы мен сапасы жоғарылауда. Бұл дегеніміз сот жүйесі қызметкерлерінің, оның ішінде судьялардың ана тілімізге деген сүйіспеншілігі мен махаббаты деуге толық негіз бар.

 

Мемлекет болу оңай емес, ол үшін жерің, халқың, тілің болу керек. Тарихқа көз жүгіртсек ата-бабамыз қаншама жылдар бойы ұлтарақтай жер үшін соғысып, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елді, жерді сақтап бізге аманат етіп қалдырған екен.

 

Ендігі жерде бізде ата-бабамыздан қалған аманатты көзіміздің қарашығындай сақтап келер ұрпаққа беруіміз керек.

 

Ана сүтімен қанымызға сіңген тіліміздің мәртебесін көтеріп, күнделікті қолданыста дұрыс сөйлеп, іс құжаттарының қазақ тілінде сауатты толтырылуына өзіміз ықпал жасап, тіліміздің беделін асқақтата берейік.

 

Халықпен бірге мәңгі жасайтын- тіл байлығы екенін ұмытпайық.

 

Суреттер astana.gov.kz, altyn-orda.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему