БІР НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР ДЕП БАҒАЛАНУДА
8 Апреля 2020 (16:01) | 3874 | Автор: Нурганым Имашева
Облыста бүгінгі таңда COVID-19-бен тіркелген 6 науқас, соның 5-уі облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде (Ақтау қаласында), 1 - Жаңаөзен қалалық инфекциялық бөлімінде.
Барлық диагностикалық және емдік іс шаралар жүргізілуде (бес науқастың жағдайлары орташа ауырлықта, бір науқастың (Қызылордадан келген) жағдайы ауыр дәрежелі деп бағаланады).
2020 жылғы 20 ақпаннан бастап облыста КВИ бойынша 2167 азамат мониторингке алынып, 1863азамат бақылаудан шығарылды.
Облыс бойынша 1291 вирусологиялық тексерістер жасалып, соның 6-нан оң нәтиже анықталды.
2020 жылдың 8 сәуірі сағат 08:00 жағдайы бойынша:
1) Провизорлық стационарда – 57 күдікті науқас
2) Обсервациялық (карантиндік) стационарда – 30 азамат
3) Медициналық бақылауда үй карантинінде (телефон байланыста)– 368азамат бар.
Медициналық ұйымдарда азаматтардың деректерін іздеу, қоңырау шалу және тексеру жұмыстары жалғасуда.
Облыс бойынша госпитальдардың жалпы сыйымдылығы:
1) Обсервациялық станционар – 810 (резерв - 330).
2) Провизорлық станционар – 316.
3) Инфекциялық станционар – 70.
Сонымен бірге, инфекциялық бөлімді 135 орынға көбейту мақсатында, бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын бастап, хиуругиялық, акушер-гинекологиялық және сол жерде, ҚР ДСМ тапсырмасына сәйкес, интенсивтік терапия орталығын (ауыр жағдайдағы науқастарға) ашу жоспарланды.
Бүгінгі күні дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткілікті.
Бұл туралы Маңғыстау облысының ақпараттық қызметі хабарлайды.
Сурет ainews.kz сайтынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему