Төтенше жағдай кезінде азық – түлік және тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізбесі кеңейтілген
6 Апреля 2020 (19:33) | 2619 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы" алаңында өткен брифинг барысында МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлімдеді.
-2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі – АӘК алуышылар) қатарынан аз қамтылған отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама АӘК тағайындау кезінде отбасы құрамында:
1) 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар;
2) орта білім беру ұйымдарында оқитын, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы ұсынылады.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама әрбір балаға:
мектеп формасы не спорттық формасы және мектеп – жазу керек – жарақтарының жиынтығымен (тиісті жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар болып табылатын отбасыларға жылына бір рет беріледі);
бір реттік ыстық тамақпен (оқу жылы кезеңінде оқу күндері үшін оқу орны бойынша беріледі);
қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде жеңілдікпен жол жүрумен қамтылады (билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде)-деді Жайсаңгүл Досполова.
Оның мәлімдеуінше, «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп төтенше жағдай кезінде азық – түлік және тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізбесі қалыптастырылды.
Қазақстанның барлық аумағында, соның ішінде Маңғыстау облысында төтенше жағдай кезінде АӘК алушылар қатарындағы 6 – 18 жас аралығындағы балаларға, соның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларға азық – түлік және тұрмыстық жиынтық беріледі. Облыс бойынша жиынтық құны 5 567 теңгені құрап, облыстың 5 056 баласына ақшалай көмек көрсетілді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы үндеуінен кейін азық – түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың санаттары кеңейтілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап азық – түлік және тұрмыстық жиынтық төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың келесі санаттарына:
1) АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға;
2) тұрақты негізде медициналық – әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) тұрақты негізде медициналық – әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;
4) мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға ұсынылады».
Суреттер мен видео "Қоғамдық коммуникация орталығынан"және сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему