Маңғыстаулық тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтан сақтануды ескертуде
24 Февраля 2020 (10:45) | 1217 | Автор: Нурганым Имашева
Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіріле түсуде. Оңай олжаны көздегендер оны кәдімгідей кәсіпке айналдырып алған.
Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың ақпан айының 17 мен 21 күндері аралығында интернет-алаяқтықтың алдын алу және анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында бірқатар заңсыздықтар ашылды. Оның ішінде DVD және CD форматты дискілерді сату, флеш-картаға әндер жазып сату, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы алдау, банктен несие рәсімдеу деректері сияқты интернет-алаяқтық қылмыстар тіркелді.
Мәселен, Жаңаөзен қаласы тұрғынының атына екі мекемеден жалпы сомасы 90 000 теңге құрайтын несие алған Б.есімді азаматша ұсталды. Сондай дерек Ақтау қаласының тұрғынының атына онлайн түрде Д.есімді азаматша «Хоум Кредит Банк» АҚ-нан 1000 000 теңге көлемінде несие алған.
Жаңаөзен қаласының тұрғынының «Халық Банк» карточкасынан 4 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған Нұр-Сұлтан қаласының Г.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды.
Ақтау қаласының тұрғындарына WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы ақшасын көбейтіп беремін деген уәде беріп, «Kaspi.kz» арқылы қаражатын аудартып алған Қарағанды облысының П.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды.
-Осы деректер ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген деректер қоғамда орын алып жатқан алаяқтық қылмысының аз ғана бөлігі.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың көбейіп кетуіне байланысты қарапайым халыққа абай болуды ескертеді,-деп хабарлайды Полиция департаментінң баспасөз қызметі.
Суреттер kaz.nur.kz, today.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему